ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТӘРТІБІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ

20:31, 20 наурыз 2020

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі жолдады. Онда Елбасы коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шараларға тоқталып, қысылтаяң шақта барлық қазақстандықтарды бір жағадан бас, бір қолдан жең шығаруға шақырды. Сонымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға үндеді.

Жұмыла көтерсе жүк жеңіл. Үндеуідің негізгі астары осы. Әр азамат індетпен күреске өз үлес қосуы тиіс. Көптің көңілі түссе, көл деген.

ӘДІЛ АХМЕТОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Әр кез біздің сақ болғанымыз керек. Бірге болуымыз керек. Ырыс қайда барасың ынытмаққа деп бекер айтылмайды. Дәл осындай кезде Елбасының абыздық жол көрсетуі меніңше құптарлық жағдай.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ:

- Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» деген ұлағатты сөз барын білесіздер. Осынау сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауы тиіс. Біріншіден, Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің, студенттердің, шағын және орта бизнестің ауыртпалығын жеңілдету бағытындағы нақты қадамдарын жария етті. Бірақ тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады. Зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған жөн.

Елбасы жұртқа жомарттың ісін үлгі етті. Мұндай мәрттік жалғасын тапса құба-құп. Нұрсұлтан Назарбаев игілікке қосылатындар қатары көбейетініне сенім білдірді. Әрі жұмыс берушілер қызметкерлеріне қаржылай жәрдемдесіп, жұмысшыларды қысқартпауын сұрады.

ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ, ҚАЗАҚ ТАҒАМТАНУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Халықтың қиын жағдайында, күйзеліс басталып кетеме деп қалай болады деп халыққа деген қамқорлығын, Елбасының азаматтық қасиетін, кемеңгерлік қасиеті көрініп тұр. 

Дүниені дүр сілкіндірген дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін. Елбасы оған дайын болу керек деді. Қиын кезде ең алдымен үнемдеуге шаралары іске қосылмақ.

ДАСТАН КӨШЕРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тек қана бірге күрескен лдер жеңіп шығып жатыр. Мысалы, қытай жеңіп келеді. Кешеден бері тіркелген жоқ. Тоқтады. Бізде қазақынтымағы мен бірлігіміздің арқасында жеңе білдік. Елбасының айтып отырғаны Президент ҚЖ Тоқаевты бәріміз біріге қызмет атқаруымыз қажет. 

Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті. Бізде тәжірибе де, нақты іс-әрекет алгоритмі де бар – деген Елбасы отандастарымызды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, күш-жігер тіледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:32, 1 сәуір 2020
АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
17:18, 30 наурыз 2020
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
17:20, 30 наурыз 2020
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...