ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫНА ҚҰТТЫҚТАУ

20:32, 3 шілде 2020

Нұрсұлтан Назарбавтың атына көптеген елдің басшыларынан құттықтау келіп жатыр. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Әлем елдерінің басшылары тұңғыш президентті алдағы мерейтойымен және елорда күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдіріп жатыр. Көршілес Ресей елінің президенті Владимир Путин де арнайы видео жолдап, Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мен біздің көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын. Алғашқы кездесуімізден бастап арамызда ашықтығымен және кез келген күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болуымызбен ерекшеленетін шынайы жолдастық қарым-қатынас орнады.Сіздің даналығыңыз бен көрегендігіңізді, зор жауапкершілігіңіз бен салмақтылығыңызды, өмірлік және басқару тәжірибеңізді барша жұрт мойындады. Сіз өз еліңізде және Ресейде, сондай-ақ бүкіл әлемде көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие болдыңыз.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бұрынғы басшысы Пан Ги Мун құттықтады. Телефон арқылы әңгіме барысында ол қазақстанның бірінші президентінің әлемдегі бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ елбасыны мерейтойымен және қала күнімен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Испания Королі Фелипе, Монако князі II Альбер, Чехия Президенті Милош Земан, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани және Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху құттықтап жеделхат жолдады

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...