ШҰҒЫЛ! БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4,4%-КЕ ҚЫМБАТТАҒАН БИЫЛ 995 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 206 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

20:33, 15 қыркүйек 2020

Елімізде әлеуметтік азық-түлік бағасы жыл басынан бері 4,4 процентке қымбаттап кеткен. Әсіресе қарақұмық, қант, сәбіз пен картоптың бағасы өскен. Сол үшін бүгін Үкіметте жұрт жиі тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды. Онда баяндама жасаған Сауда және интеграция министрі алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Өйткені қазір тұрақтандыру қорларында азық-түліктің 16 түрі бойынша резерв бар. Ол тағы да қымбатшылыққа жол бермеу үшін жеткілікті дейді Бақыт Сұлтанов.  Оның үстіне бағаны өсірмей ұстап тұру үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. 

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

- 7 тауарды экспорттауға, сондай-ақ тауарларды ай сайын шығаруды квоталауға тыйым салынды.Бұдан басқа, бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импорты мен сатылуына қосылған құн салығының ставкасы 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.

Оның үстіне әлеуметтік 9 тауарға шеткі баға белгіленіп, құнды негізсіз шарықтатқан 200-ге жуық кәсіпкерге айыппұл салынған. Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік тауарлардың бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.     Сондай-ақ Үкіметте Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасының іске асу барысы да талқыланды. Осы индустрияландырудың картасы аясында биыл шамамен бір триллион теңгеге 206 жобаны іске асыру көзделген. 

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге экспортты 325 миллиард теңгеге ұлғайтуға және 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобалар барлық өңірде іске асады. Биыл капитал салымын ең қажет ететін жобалар Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Павлодар Жамбыл облыстары және Алматы қаласында іске асып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ САЙЛАУЫНЫҢ КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ
20:39, 21 қазан 2020
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ САЙЛАУЫНЫҢ КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕДІ
20:33, 21 қазан 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
17:15, 16 қазан 2020
ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
20:37, 16 қазан 2020
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Толығырақ...