ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАЛЫПТЫ ІСТЕП ТҰР

20:35, 14 ақпан 2020

Жамбыл облысының  Қордай ауданында   әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс істеп жатыр. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев  Қарасу, Масаншы, Қаркемер, Ауқатты және Сортөбе ауылдарына барып, жағдайды көзбен көрді. Қираған  нысандар қалпына келтіріліп, құрылыс қыза түскен. Бүлінген бағдаршамдар іске косылып, көшелердегі көлік қозғалысы реттелген. Балабақшалар мен мектептер жұмыс істеп тұр. Мысалы  Масаншыдағы 16-орта мектепте 873 бала білім алады. Осы күндері оқушылардың сабаққа келуі 25 пайызға төмендеген. Облыс басшысы тез арада  барлық баланы қамтуды тапсырды.

ДӘУРЕН ТАПИЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

- Мұғалімдердің 100 пайызы мектепке келіп жүр. Оқу процесінде ешқандай өзгеріс жоқ. Бәз қалпында мектеп жұмыс істеп жатыр. Осында арнайы челендж жүргізіп жатыр. Сыртқа шекера асып кеткен оқушыларды мектепке тарту бойынша.

 ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Ал кеше Бердібек Сапарбаев алғашқы  аппарат жиынын  өткізді.  Аймақ басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін әуелі жұмыссыздықты азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды міндеттеді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін соңғы үлгідегі заманауи техника әкелу керек.  Бұл – ішкі жалпы өнімді еселеуге сеп. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды да көбейтуге күш салынуы тиіс деген облыс әкімі ішкі саясат басқармасының жұмысын  сынға алды. Қоғаммен қажетті  байланыс жоқтың қасы. Тіл туралы заңды орындауда олқылық көп.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ,  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:34, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...