ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

21:16, 3 шілде 2019

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді мақұлдады.Мәжіліс төрағасының айтуынша Үкімет пен депутаттық корпустың мүшелері   түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Бюджетке енгізілген өзгерістер алдымен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Президенттің тапсырмаларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін тиікелей инвестициялық қор құруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша орталық және жергілікті органдар жұмысты үйлестіру керек, көмекті шын мұқтаж адамдар алуы тиіс. Бюджеттегі өзгеріске сай тікелей инвестицияларды тарту қорын құруға бағытталған 370 млрд теңге қайта бөлініп, үш бағытқа жұмсалуы керек.

АЙЗАДА ҚҰРМАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Халықтың тұтыну кредиттері бойынша жүктемені азайтуға шамамен 89,2 млрд теңге жұмсалатын болады.+Осы санаттарға жататын адамдарды қандай өлшем шартттарымен айқынайтындарыңыз түсініксіз.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

- Қазіргі таңда алты категория анықталды.Олар: көп балалы, асыраушысынан айрылған, жетім балалар, атаулы әлеуметтік көмекті алатындар. Олардың барлығының тізімдері, мәліметтері біздің министрлікте бар.

«Несиеге ет жесең, сүйегі қарныңды теседі.»Депутаттар шекті мөлшерді 56 пайыздан төмендетуі тиіс. Онлайн кредиттердің жылдың пайызы 500 ге дейін жетеді. Осы тйүткілді шешіп, қатаң бақылау жасалуы тиіс.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Берешегі өтелетін азаматтарды әуре-сарсаңға түсірмеу үшін және оларға қайта-қайта өтініш жасатып, банкке барғызбау үшін мемлекеттік орган проблемалық кредиттер қоры, сонымен бірге банктер, қаржы ұйымдары оларға қарыздарының берешегін жою туралы хабарлама беру керек. 

Бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігіне назар аударып, Мəжіліс депутаттары осы мəселені мұқият қарап, қол жеткізілген нəтижелерді талдауға ниетті. Бүгінгі жалпы отырыста төртінші сессияның жұмысы қорытындыланды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің пікірінше осы сессия барысында депутаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияның ашылуында қойған стратегиялық міндеттерге баса назар аударды. Президент-Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатындағы бастамалары заңнамалық жұмыста көрініс тапты. Бұл әлеуметттің әлеуеті артады деген сөз.

Бұл сессия Мәжіліс тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Осыған орай елімізге, халқымызға қажетті көптеген заңдар қабылданды, көптеген парламенттік шаралар өтті. НҰР-СҰЛТАН Депутаттық корпус, Үкімет, тиісті мемлекеттік органдар жұмыла жұмыс істеді. 13 «Үкімет сағаты»мен 2 парламенттік тыңдау, 14 көшпелі отырыс және 4 халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:34, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...