ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ҚОЛДАНБАЙ ОТЫРҒАНДАР

13:01, 3 шілде 2019

СҚО әкімдігінің отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайы айтылды.  Қазір өңірде 30 мыңнан аса ШОБ субъектілері жұмыс істейді. Бірақ, олардың барлығы бірдей мемлекеттік көмекті толық қолданбай отыр. Әсіресе шалғайдағы ауыл бизнесмендерінің белсенділігі төмен .  Өңір жетекшісі аудан әкімдеріне бұл бағытта жұмысты жандандыру керек деді.  Және де жер учаскелерін  мүлдем қолданбай жүрген кәсіпкерлерден оны  сот арқылы мемлекетке қайтаруға тапсырма берді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық салықтардың 56 % шағын және орта бизнес өкілдері төлепті. Облыста  537 млрд.теңгенің өнімі шығарылып, өсім 3, 6 % құрады.Шағын және орта бизнесте басым бағыт – сауда болып табылады. Оның үлесі 40 %, ал өндіріспен тек 4 % ғана айналысады. Өңірде кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан  46 қаржылай және қаржылай емес көмек көрсетіледі.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мемлекеттік қолдаудың сұранысқа ие болып отырғаны ол бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін 20177-2019 жылдары 6,4 млрд теңге бөлінді. Оның 1,9 млрд 2019 жылдың үлесі.  Субсидиялауға, кепілдендіруге, гранттық қаржыландыруға 4,6 млрд. Теңге бөлінсе,  2019 жылы – 1,1 млрд. Теңгесі жұмсалды. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1,7 млрд. теңге, оның ішінде 2019 жылы – 769,3 млн. теңге бөлінді.

Түрлі қолдау болғанымен кәсіпкерлердің барлығы оны пайдаланбайды. Банктер беріп жатқан несиелердің 27 пайызы ғана шағын және орта бизнесті дамытуға арналған екен. Бұл  төмен көрсеткіш дейді өңір басшысы.Әсіресе ауылды жерлердегі азаматтардан келіп түсетін  түрлі бизнес жобалар жоқтың қасы.  Сондықтан аудан әкімдеріне Құмар Іргебайұлы бизнесмендерге көмектесу керек. Қажет болса, құжаттарын бірге түгендеп, банктерден бірге жүріп несие алуға барыңдар деді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Статистикаға сүйенсек облыста салық түсімі өскен. Бизнеске бет бұрғандардың да саны артқан. Қолдау бар. Бірақ нәтиже  мен кәсіпкерлердің белсенділіг төмен. Тіпті шағын және орта бизнес өкілдерін тексеру де қысқартылыпты

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мемлекеттік қолдаудың механизмдері жетерлік, кәсіпорындардың саны өсуде, салық түсімі көбейді, бірақ кәсіпкерлік белсенділік төмен. Бизнесмендерге бар жағдай жасалған. Тексерістерді азайттық. 2018 жылы 30 %, биыл тағы 10 % қысқарды. Барлық процестер автоматтандырылып, күту уақыты қысқарды.

Қарапайым заттар экономикасы бойынша да жоба аз. 4 ғана. Елбасы осы бағытта 600 млрд теңге бөлсе, соның 500 млн ғана біздің облысқа тиесілі. Одан қала берді қолма қол ақшамен сауда жасау да көлеңкелі экономиканы дамытып тұр. Өңірде карточкамен төлем жасау шалағай. Бұл да салық түсімін азайтары айдан анық. Тағы бір мәселе ол кезінде жерлерді мемлекеттен тегін алып, пайдаланбай жүргендер. Құмар Ақсақалов олардан сот арқылы учаскелерді қайтарып, аукцион саудаға емес, мемлекетке өткізу жолдарын қарастырыңдар деді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз бір кездері таратылып берген Жерлердің барлығын  білу керекпіз. Көбісі  тегін берілді.Енді оларды тегін қайтарып алу керекпіз. 2017 жылы 14 участік, 22 га, 2018 жылы 5 участік, 19 жылы 6 участік. Қазір қайда барсаңда жерді сатамын деп жазу тұрады. Ол қандай негізде сатып жатыр?  Ештеңе істемейді, тек бір-біріне сатумен ғана айналысуда. Пайдаланылмай жатқан жердің бәрін қайтарып алыңдар. Олар сатылмасын.

БЕЙБІТБЕК ЖАЙЛЫБАЕВ, ЖЕР ИНСПЕКЦИЯСЫ  БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А

Жиында 6-шы шілде Астана күнін тойлау жайы да айтылды. Биыл өңірде мерекеге орай түрлі 500 іс шара ұйымдастырылмақ. 20 жаңа әлеуметтік маңызы бар нысан қолданысқа беріледі. Петропавл қаласындағы бас және  орталық алаңдарда, Жеңіс саябағында концерттер ұйымдастырылады. Елбасының қаулысы бойынша шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күні болып бекітілген болатын. Биыл ол 7ші шілдеге түсіп отыр.Сондықтан бұл күні де қазақтың ұлттық аспабы, қара домбыраны дәріптеуге арналған шаралар өткізілетін болады.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:34, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...