Бүгін сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматтарға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсіміне қатысты. Атап айтсақ, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен оның орынбасары Марат Ахметжановқа 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені берілді. Ал полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа берілді. Бұдан бөлек, қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметінің және ұлттық қауіпсіздік қызметінің бірқатар қызметкерлеріне генерал-майор, генерал-лейтенант атақтары берілді. Ал Сәкен Бекжановқа контр-адмирал шені берілді. Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтап, қарулы күштердің құрылу тарихына, ондағы Елбасының рөліне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ ел аумағының тұтастығы мен ұлттық мүддені қорғау секілді стратегиялық міндетті жүзеге асыруда командирлер мен офицерлерге және генералдар корпусына артылған жүк ауыр екенін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ