ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ, ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ!

13:02, 5 қыркүйек 2019

Ас атасы – нанды, дастарқан көркі – ақты ауылдан аламыз. Ел абыройын асқақтатып жүрген небір дүлдүлдер мен дарындар қаймағы бұзылмаған қазақ уылдарында дүниеге келді. Сондықтан ауыл -ел бесігі деп бекерге айтылмаған. Таусылмас рухани қазынамыз, тұнып тұрған тарихымыз да сонда. Ауылдан алшақтасақ, қазақ болудан қаламыз дейді тарихшылар мен этнографтар. Осы ойды Президент те қостап отыр.  Қазіргі таңда урбанизация белең алған, біразы үдере қалаға көшуде. Бір анығы, орталыққа ағылғандардың бәріне бірдей кәсіп табылмайды.  Оған қоса қазіргі таңда жастарды тәжірибесіз мекемелерге қабылдамайды. Қазір өңір тұрғындарының 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Оларға да сапалы білім, медициналық қызмет керек. Алдағы уақытта кадр тапшылығы шешілмесе, атқарылатын істің бәрі бос. Онда агроөнеркәсіптік кешен, медицина туралы айтып жатудың қажеті шамалы.  Арна тілшілері студенттерді сұхбатқа тартып, нақты ойларын білді. Жастардың көбі жғдай жасалса ғана ауылға барамыз деп шарт қойып отыр.

МИЛАНА ҚҰРМАНОВА,  М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Ауылды көркейту идеясы маған қатты ұнады.  Жастардың көбі білім алып, шетел асып кетіп жатыр. Осыны тоқтату үшін жас мамандарға жағдай жасау қажет деп санаймын.

Олар ертең ауылға барып отбасын құрады. Балалы-шағалы болады. Балғындарына балабақша, түрлі үйірме қажет.  Мектепте сапалы білім алуы керек. Жайлы, жылы баспана керек.

- Қазақ төрт түлігімен бай.  Сондықтан мал басын арттыру қажет. Екінші курс студентімін. Бұйыртса, оқуымды ойдағыдай тәмамдап, ауылға педагог болып бару ойымда бар. Ауылды дамытуға, балаларына сапалы білім беруге үлесімді қосқым келеді.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар