ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

IX АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА 650-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС АЙТЫЛДЫ

20:31, 27 қараша 2020

5 күнге созылған IX Азаматтық форум мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша 650-ден астам ұсыныс іріктелді. Биыл шараға шалғай аудандардағы үкіметтік емес ұйымдар да қатысты. Онлайн форматта өткен форум биыл «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» тақырыбын арқау етті.

Биылғы форумды ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдар атсалысты. Дәстүрлі шараға қоғамның ынтасы жыл санап артып келеді. Мәселен, интернет кеңістігіндегі 40-қа жуық диалог алаңы кең аудиторияны қамтыды. Әркім ой қосты, пікір алмасты. Азаматтық қоғамның ынтымағын көздеген ел ғана жетістікке жетеді, - дейді мемлекеттік хатшы.

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

-  «Тәуелсіздік жылдарында елімізде азаматтық қоғамның орнығуына Елбасы Н.Ә. Назарбаев өлшеусіз еңбек сіңірсе, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев осы игілікті жолды жалғастырып, ҮЕҰ белсенді қызмет атқаруына жол ашып отыр. 00.43+00.57 Сондықтан біз азаматтың, қоғамның және мемлекеттік өзара үйлесімді, өрелі өмір сүруіне мейлінше мүмкіндік беруіміз керек». 

Форумға қатысқандар мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуге мүмкіндік алып, ашық тілдесті. Осындай 12 кездесу өтті. Жалпы шара қорытындысы бойынша 650-ден астам ұсыныс қаралды.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- «Таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін интернет платформалары жұмыс істеді.  Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары кеңінен қатысып қана қоймай, нағыз әріптестікке дайын екендіктерін шынайы көрсете білді». 

Кезекті форум жемісті болды, - дейді министр. Ортақ жұмыс үшін мүмкіндіктер жалғасын табады. Сайып келгенде, елдің жарқын болашағы мен қарқынды дамуы ортақ мүдде болып қала бермек. Дарын Сағитов, Жанболат Қобдабай "ҚҰА

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА САЯСИ РЕФОРМАЛАР – ЗАМАН ТАЛАБЫ
17:18, 18 қаңтар 2021
ЖАҢА САЯСИ РЕФОРМАЛАР – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:40, 15 қаңтар 2021
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:39, 15 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ БІРІНШІ С...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...