ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

ҚАҢТАРДА ЖІӨ 2,9%-ҒА ӨСТІ

20:54, 12 ақпан 2019

Қаңтарда жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Мәліметке сәйкес, көрсеткішке өсу тұтыну нарығындағы, сондай-ақ өнеркәсіптің өндіру секторларындағы сұраныстың сақталуы әсер еткен.Бұл ретте, экономиканың өсу қарқындарының бәсеңдеуі өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы төмендеумен, сондай-ақ инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуімен негізделеді. Жалпы, негізгі салалардың барлығына өткен жылғы жоғары база әсерін тигізген. Ал, инфляция деңгейі былтырғыға қарағанда, жақсы қалыптасты. Жыл басынан бері ол 0,5 пайызды, ал жылдық мәнде 5,2 пайызды құрады.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

- Өткен жылғы жоғары базаның аясында осы жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2,5 пайызға төмендеді. Төмендеу Шымкент мұнай өңдеу зауыты және Ақсу ферроқорытпа зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарын аяқтауымен байланысты.

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ
20:31, 19 ақпан 2019
МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...