ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ

20:32, 8 шілде 2020

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып, 42500 теңге жәрдемақы алғандардар екінші деңгейлі банктен кедергісіз несие ала алады. Мемлекеттік көмек тұрғындардың несие тарихына әсер етпейді. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов осылай деді. Соңғы уақытта 2 ай бұрын жәрдемақы рәсімдегеннің салдарынан несиеге қол жеткізе алмаған тұрғындардан шағым көбейіп кеткен. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік төлем несие тарихының бұзылуына әсер етпейді. Көмекті сылтау қылып, несие беруден бас тартқан екінші деңгейлі банктердің шешімі заңсыз.

БЕРІК ШОЛПАНҚҰЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тұрғындар банкке жүгінулері керек. Егер жәрдемақы алғаны үшін несие беруден бас тартса құзырлы органға барып, Банктің үстінен шағым түсіре алады.

Коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан тұрғындар бұрын алған несиесін әлі де кейінге шегеруге мүмкіндігі бар. Індеттің кесірінен кірісінен айырылғанын дәледеп банкке жүгінсе оған міндетті түрде жеңілдік қарастырылуы тиіс.

МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Несиені кейінге қалтыру немесе қайта құрылымдау үшін екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарға жеке тәртіппен жүгінуге болады. Олар қарызды кемінде 90 күнге шегеруге міндетті.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге бұрын берілген салықтық жеңілдіктер мен өзге де төлемдерден босату тәртібі әлі де күшінде. Сондықтан карантин кезінде жабылған кәсіпорындарға қолдау жалғаса береді. Жалпы елімізде пандемиямен күреске, экономиканы қолдап, тұрғындар мен бизнеске жеңілдіктер жасау үшін 192 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
20:30, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...