ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚАРАША АЙЫНДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ

20:33, 6 қараша 2019

Синоптиктер қараша айына ауа райы болжамын жариялады.  Казгидромет мамандарының мәліметінше, ауаның орташа температурасы -6 градус шамасында болмақ. Алайда екінші онкүндікте аяз болуы ықтимал. Ауа райынан не күтуге болады? Күздің соңғы айы туралы әріптесім рет-ретімен сабақтасын.

ЖАНБОТА СЕНТАЕВА, ТІЛШІ:

- Әдетте, солтүстікте күздің соңғы айы қарашада қалың қар жауып, адамдар қысқы киімдерін киіп, мерекелік күйге бөленіп, жаңа жылға дайындықтарын бастап кететін еді. Алайда, қоңырқай күз әлі де қош айтқысы келмейтін секілді. Мамандардың айтуынша, қараша айының орташа температурасы -6-8 градус.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5 градус аяз, күндіз 5 градус жылы болуы ықтимал. Ал екінші онкүндікте түнде кей жерлерде сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендемек.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «КАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5-10, кей жерлерде, 15 градус аяздан 13-18, кей жерлерде 23 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылы, кей жерлерде 8 градус аздан 3-8 градус аяз, кей жерлерде 2 градус жылыға дейін ауытқиды. 6-7 қарашаға СҚО бойынша дауылды ескерту берілді. Тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

 Үшінші онкүндікте түнде  -5 -10  градус аяз болса, күндіз 5 градус жылы болмақ. Сонымен қатар, бірінші және үшінші онкүндікте кей жерлерде жауын-шашын, яғни, қар аралас жаңбыр жауып көктайғақ болмақ, батыстан күшті жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетпек дейді мамандар. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, 35 жыл бұрын, 1984 жылы 21 қараша күні сынап бағанасы минус  37 градусты көрсеткен.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
17:51, 12 желтоқсан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:38, 11 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...