ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА «ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

20:34, 30 маусым 2020

Қазақстандықтардың барлығы цифрлы сауатты болуы керек. Әрбір ел тұрғыны электронды қызметтерді емін-еркін ала білуі қажет. Үкіметтің селекторлық отырысында премьер-министр Асқар Мамин бірнеше министрге осы міндетті жүктеді. Енді елімізде «Цифрлық білім» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында жыл сайын 400 мың адамды оқыту жоспарланып отыр.  Премьер-министрдің пікірінше  болашақта жұмыстардың 80 пайызын роботтар істейді. Сондықтан да алдағы 5 жылда қазақстандықтардың кем дегенде 87 проценті жаңа технологияларды ұршықша иірмесе де, емін-еркін қолдана білуі қажет.Ал цифрлық даму және білім министрлігі жуық арада байланыс операторларымен бірлесіп елдегі білім платформаларын тегін әрі қолжетімді етеді.

АСҚАР МАМИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Айти мамандарды даярлап қана қоймай жұмыс істеп жүрген адамдардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу және олардың цифрлық сауаттылығын  арттыру да маңызды. Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңда емін-еркін жұмыс істеп, электронды қызметті ала білуі қажет. 2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін кемінде 87 пайызға жеткізу және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу қажет.

Сондай-ақ премьер-министр 2025 жылға қарай елдегі көлеңкелі экономика үлесін 20 пайызға дейін төмендету қажеттігін айтты. Былтыр ол шамамен үш жарым пайызға кеміп, қазынаға қосымша 1,5 трлн теңге түскен болатын.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
20:30, 9 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
Толығырақ...
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
20:32, 8 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ
20:30, 8 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...