Үкімет карантинге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорындарды қалпына келтіру жұмыстарын бастады. КСМ: Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды. Шағын және орта бизнеске қолдау ретінде несие төлемдерін бірінші қазанға дейін шегеру мүмкіндігі қаралып жатыр. Қызметіне тыйым салынған кәсіпорындардың жұмысын қайта жандандыру өтініштері «Info Kazakhstan» электрондық платформасында қаралады. Тиісті санитарлық талаптар сақталуы керек. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған комиссия өтініштерді қарап,рұқсат беру туралы электронды рұқсатты платформада жариялайды.