ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТАН 1770 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

20:31, 17 ақпан 2020

Қытайдың Хубей провинциясына коронавируспен күрес үшін 32 мың медицина маманы жіберілді. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының делегациясы бүгін Бейжің қаласы мен Гуандун, Сычуань провинцияларына барып, қауіпті инфекцияның таралуына байланысты тергеу жүргізеді. Және де осы эпидемияға байланысты Қытайда парламенттің жыл сайынғы сессиясын наурызда емес, одан кейін өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Қытайда бұл вируспен байланысты пневмониядан 1770 адам қайтыс болды. Ал, оны жұқтырғандар  70500-ден асып отыр. Сонымен қатар, коронавирус жер шарының барлық континенттеріне жетіп, Қытайдан тыс жерлерде 500-ден астам адамнан табылып, 5 адамның өмірін қиған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Мюнхен конференциясында мәлімдегендей, жұмбақ дерттің әлемде әрі қарай қалай өршитінін дәл қазір болжап айту қиын.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
20:31, 30 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:34, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...