ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

17:15, 7 тамыз 2020

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов қаламыздағы нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Халық қалаулысы салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешені мен қазақ театрында болып қайтты. Толығырақ келесі бейнематериалдан.  

Биыл Петропавлдағы «Жас Өркен» ықшам ауданында алғаш рет 18 қабатты баспана тұрғызылып жатыр. 108 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында болған сенат депутаты Ерік Сұлтанов, мұндағы жұмыстармен танысты. Жоспар бойынша мердігер компания баспананы халық игілігіне 2022 жылы тапсырмақ.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ :

Үйді тездетіп тапсыру қажет. 2021 жылы берілсе жақсы болар. Ол «5-10-20» бағдарламасына іліксе, баспанасыз жүрген азаматтар несиені 20 жылға алып, алғашқы жарнаның көлемі 10 процент болмақ. Өте тиімді.

Сондай-ақ, халық қалаулысы тұрғызылып жатқан 500 орынға шақталған 3 қабатты жаңа қазақ театрының құрылыс алаңында да болды. Мұндағы жұмыстар желтоқсан айында аяқталмақ. Тың мәдениет ошағындағы көрермен залын салуға Украина мемлекетінен арнайы мамандар да шақыртылды. Кейін Ерік Сұлтанов бұрынғы Калинин атындағы зауытына бас сұқты. 100 шаршы метр аумақты қамтитын өндіріс ошағында «Дата центр» құрылмақшы. Бүгінде «PP Solutions» ЖШС инвесторы мұндағы ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетіпті.   

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Биыл олар бұл жерде «Дата центр» жобасын жүзеге асырмақшы. Мұнда үлкен архив құрылып, қажетті ақпарат сақталады. Өте қажетті орталық Қазақстанда ғана емес, жақын шет елдерге де сұранысқа ие болмақ.

Ерік Сұлтановтың айтуынша, облыс жылдан-жылға дамып келеді. Көп жылдар бойы қаңырап тұрған кәсіпорындардың ғимараттары жаңартылып, қайта іске қосылып   жатқаны әсіресе қуантады дейді сенатор

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ENPF-OTBASY.KZ САЙТЫНДА ӨТІНІМ БЕРГЕНДЕ ТІРКЕЛГЕН ҚАТЕЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ
20:31, 25 қаңтар 2021
ENPF-OTBASY.KZ САЙТЫНДА ӨТІНІМ БЕРГЕНДЕ ТІРКЕЛГЕН ҚАТЕЛІКТЕР...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 22 қаңтар 2021
ЕЛБАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДА...
Толығырақ...
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА БАРДЫ
13:01, 22 қаңтар 2021
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...