ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ

20:31, 27 қаңтар 2020

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері қаржы саласы, өңдеу өнеркәсібі және балама қуат көздері бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, БАӘ-ге ресми сапары кезінде Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, кездесуде мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Әмірліктер біз үшін барлық жағынан маңызды елге айналды. Бір-бірімізге – барыс-келісіміз жиі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ тарапы Араб әмірліктеріне ресмиі бар, жұмыс сапары бар 16 мәрте келсе, осы елдің шейхі Заид Нахаян Қазақстанға 9 рет барыпты. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде және жыл басындағы алғашқы ресми сапары.

Мұндағы діндес бауырлар қазақ басшысын салтанатты жағдайда қарсы алып, шынайы ықылас танытты. Сосын, екі елдің басшылары, Елбасы қазығын қағып берген сыйластық әрі сенімді қарым-қатынасты тереңдетудің маңызды мәселелерін талқылады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Екі ел арасындағы қарым-қатынастар тарихының тамыры терең. Бізді шынайы достық, өзара сенім мен түсіністік байланыстырады. Сондықтан қарым-қатынастарымыздың келешегі зор. Менің сапарымның негізгі мақсаты – екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беру. Біз үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ бір орында тоқтап қалуға болмайды. Алға жылжуымыз керек. Мен осы сапарға ерекше мән беремін және үлкен үмітпен қараймын.

МҰХАММЕД БЕН ЗАИД ӘЛ НАХАЯН, ӘБУ-ДАБИ ӘМІРЛІГІНІҢ ТАҚ МҰРАГЕРІ, БАӘ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сізді Біріккен Араб Әмірліктерінде көргеніме қуаныштымын. Әмірліктер Басшысының атынан Сіздің сапарыңызға табыс тілеймін. Сонымен қатар біздің жақын досымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сәлем жолдаймыз. Қазіргі уақытта елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келеді. БАӘ Қазақстанмен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық жан-жақты дамуда.

Кешегі шөлді жер, бүгінде экономикасы қуатты ел. Дамыған алып әмірліктердің біз сынды жас мемлекетке тәжірибесі қызық. Сондықтан, бұл кездесу – екі ел арасында бекіген берік байланысты жаңа деңгейге көтермек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- БАӘ – Таяу Шығыстағы біздің негізгі сауда-экономикалық серіктесіміз. 2019 жылы өзара тауар айналымы жарты миллиард долларды құрап, 2018 жылдан қарағанда 10,3% артты. Ал, Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі 2,1 миллиард долларды құрады, ал Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне салынған инвестициялар бір миллиард долларға жетті. Қазақстанда БАӘ-нің 300-ге жуық заңды тұлғалары, филиалдары мен өкілдіктері сәтті жұмыс істейді. Жалпы құны 10 млрд. АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазір Қазақстан мұнай мен газға тәуелділіктен арылу үшін экономиканы әртараптандыруды қолға алды. Ол үшін жеті қат жер астындағы байлығымыз мол, әлеуеті зор. Тек соны игеріп, кәдеге жарату үшін бізге – инвестиция, инновация, тәжірибе керек. Ал, мұның бәрі БАӘ бар. Мемлекет басшысының Әмірліктер бизнесінің бақуаттылары мен беделділерімен кездесудегі мақсаты да осы.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз барлық саладағы ірі инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы ретте, жер қойнауын пайдалану кодексіне түзетулер енгіздік және әкімшілік рәсімдерді едәуір жеңілдеттік. Яғни, оған салықтар мен кедендік төлемдерден босату, заттай субсидиялар беру және базалық инфрақұрылым салу жатады. Инвесторлар қосарланған салық салуды болдырмауға арналған Конвенцияны, сондай-ақ инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы шартты қорғауды қолдана алады.

Екі елдің көп салада бірлескен жобалары бар. Соның бірі әрі ірісі – елордада салынып жатқан – «Әбу-Даби Плаза» құрылысы.  Оған 1,6 млрд.доллар жұмсалған. Бұл біздің елдеріміздің сәтті серіктестігінің куәсі деген Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан енді әмірліктермен ауылшаруашылығы, қаржы және туризм, сарқылмайтын энергия көздерін дамыту салаларындғы әріптестікті тереңдетуге мүдделі екенін айтты. Себебі, бұл бағытта БАӘ өзгелерден әлдеқайда көш ілгері.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Тағы бір бағыт - қаржы саласы. Нақтырақ айтқанда,  «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Әмірліктердің ірі қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық. Біздің орталық Орталық Азиядағы және 200 миллионнан астам мұсылмандары бар еуразиялық кеңістіктегі исламдық қаржылық қызмет орталығы болуға талпынып келеді. Осы бағытта Сіздердің тәжірибелеріңіз бізге аса қажет.

Әмірліктердің барлық өңдеуді өнерден артық мегергені тағы бар. Бизнес форумның қорытындысында, екі тарап нақ осы бағыттар бойынша қомақты 3 келісімге қол қойды. Мұндағы жаңа келісімдер – біздегі жаңа жұмыс орындары.  

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

НҰРЛАН НОҒАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

БАӘ бизнесмендері қазақ жеріне қаржы құюға даяр. Себебі,  Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, экономикалық тұрақтылық бар.

Сәтті әрі табысты кездесуден соң Қазақ басшысы, «Ухат әл-Карама» мемориалына гүл шоқтарын қойып, болашақ ұрпақтың бейбітшілігі мен әл-ауқаты үшін жан пида болғандарға құрмет көрсетті. Сосын, әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі – Әбу-Дабидағы Шейх Заид мешітіне кіріп, ғибадат етті.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавтың жұмыс кестесі тығыз болды. Ресми сапардың екінші күні ертең БАӘ-нің экономикалық орталығы және ең ірі қаласы –Дубайда жалғасады. Онда Президент, бірқатар лауазымды тұлғалармен кездесіп, биыл Дубайда өтетін «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесіне барады деп жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ
17:53, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
20:31, 20 ақпан 2020
ПРЕЗИДЕНТ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар