ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ҚЫТАЙДАН 171 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ

20:36, 13 ақпан 2020

Бейжіңнен Алматыға тағы 211 жолаушы  жеткізілді.  Короновирус ошағынан құтқарылғандардың 171-і қазақстандық, 40-ы қырғыз азаматы. Медициналық тексерістен өткен отандастарымыздан короновирус симптомдары анықталған жоқ. Дегенмен олар стационарда үш күн арнайы медициналық бақылауда болады. Рейстегі Қырғызстан азаматтары Бішкекке жөнелтілді. Жалпы қаңтардың 6-нан бері Қытайдан  келген 24154 адам бақылаудан өтті. Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 азамат бүгін ауруханадан шығарылды. Уханьнан эвакуацияланған 83 студент алдағы жексенбіде карантиннен шығарылады. Ал Жапония жағалауындағы круиздік лайнерде болған 4 қазақстандықтан жұмбақ аурудың белгілері анықталған жоқ. Вирустан дін аман. 

ДИАС АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

- 13-ақпанда 151 адамның дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түсті. 131 адам ауруханадан шығарылды. 20 адам қазір ауруханада. Науқастардың жағдай жақсы. Эвакуацияланған Қазақстан республикасының 83 азаматының 12-сі ЖРВИ бойынша ем қабылдауда.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАУАР АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:33, 24 ақпан 2020
ТАУАР АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...