ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТАДЫ

21:23, 7 қараша 2018

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделі енгізілмек. Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Төменгі палатаның спикері Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл құжат тікелей Елбасының тапсырмасын орындауға сеп болады  және көрсетілетін қызметтің сапасын артады.

Елбасы барлық реформаларында халықтың денсаулығына ерекше мән береді. Ол жыл сайынғы Жолдауларында да , бағдалламалық құжаттарда да көрініс тапқан. АСТАНА 01.09.2018 Парламент палаталарының сессиясы ашылған кезде де тегін медициналық көмектің кепілденділірген түрінің жаңа моделін енгізу үшін құжатты тездетіп қабылдауды тапсырған еді.Президент тапсырмасын орындау маңызды. АСТАНА Әзірленген құжат тікелей осы мақсатқа бағытталған.  11 заңнамалық актіге түзету енгізілмек. Оған сәйкес ең төмен қажетті медициналық көмек  барлық азаматтарға, оралмандарға, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады. Оның шеңберінде жедел көмек, санитариялық  авиация, медициналық санитарлық алғашқы көмек, станционарлық көмек кіреді.  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қатар кепілдендірілген медициналық көмектің жаңа моделі  үш деңгейде көрсетіледі.

ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, жаңа заң жобасында медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару ісін жүйелеу, зерттеулер мен клиникалық практиканы біріктіру арқылы кадр даярлау қарастырылған. Бұл бірінші кезекті кадрдың қадірін арттырып,сапасын жақсартады. 25 негізгі сырқаттың тізбесі болады. Ол тізбе ауру мен өлімнің 77 пайызы.  Бұларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмегі толық ұсынылады. 

БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

Медициналық білім беру саласындағы университеттік клиникалар енгізу өте маңызды. Себебі студенттер бірінші курстан бастап клиникалардың негізінде сабақтарын оқуы қажет. Үкімет қаулысымен бірнеше ғылыми институттар университеттерге тапсырылып жатыр.Құжатты бүге шүгесіне дейін қараған депутаттар оны бірінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар Мәжілістің бірінші оқылымында «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» заң жобасы қаралды.Аталған құжат арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтар саласындағы заңнаманы жетілдіріп, олардың қызметін жандандыруды көздейді.

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ ОРДАСЫН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:51, 15 қараша 2018
БІЛІМ ОРДАСЫН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
СЛОВАКИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:56, 15 қараша 2018
СЛОВАКИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...