ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АХМЕТҚАЛ МЕДЕУДІ ҚАБЫЛДАДЫ

20:32, 19 қараша 2020

Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты»  басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды. 

Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, өзге де  су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.

ЕЛБАСЫ ЕЛОРДА ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.  Елбасы пандемия  халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін қорғаудың маңыздылығына назар аударды. Өз кезегінде А.Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналған қолжетімді баспана құрылысының барысы туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ елорда әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жобалар, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бағытында қабылданған шаралар туралы айтып берді.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады.  Кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар А.Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантин шектеулерінен зардап шеккен шағын және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсету мәселелері талқыланды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ АСТЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
20:34, 24 қараша 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ АСТЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІДІ
20:32, 24 қараша 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІДІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:31, 24 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...