ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ

17:53, 21 ақпан 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Президент бас мүфтиді  жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, білімділік,ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік  және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет"

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:34, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...