ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ

20:30, 9 шілде 2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды. Мемлекет басшысы 13 шілдені қаралы күн деп бекіту туралы шешімін телевизиялық үндеуі кезінде мәлімдеген. Қазір Қазақстанда ғана емес әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ, - деді мемлекет басшысы.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын.

Қазір қалыптасқан жағдайды өз мақсатында пайдаланғысы келетіндер дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп жіберген деректер анықталуда. Күрделі жағдай кезінде теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдар да бар. Олардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан карантин талаптарын сақтап барынша салмақты, сабырлы болайық. Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек, - деді Президент.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де  толығымен қамтамасыз етіледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
20:30, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...