ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:31, 14 ақпан 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барды. Санаулы сәттер бұрын 56-шы қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясына қатысты. Халықаралық жиынның ашылу салтанатына дейін Канаданың премьер-министрімен және бірқатар беделді компаниялардың басшыларымен кездесті. 

Сарыарқамен Баварияның арасындағы уақыт айырмашылығы бес сағат. Мемлекет басшысы Мюнхенге таңғы жеті болмай жетті. Жұмыс сапары екі күнге жоспарланған оның әрбір минуты есептеулі. Ұшақтан түсе сала бірден іске кірісті және бүгінгі күнді нәтижелі өткізді. Енді осыларды кеңірек баяндаймыз.

«BAY WA AG» еуропадағы арграрлық, құрылыс және энергетика саласында жұмыс істейтін ең ірі холдинг. Әлем бойынша 300-ге  тарта бөлімшесі бар белді компания. Компания басшысы ең әуелі Қазақстан президентіне әлеуеті туралы ақпарат берді одан соң біздің нарықта жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, Назарбаев Университетінің жанынан агроинновациялық зертхана ашуды жоспарлап қойған. Бұл компаниямен әріптестік орнату отандық ауылшаруашылығы саласының көкжиегін кеңейтуге мол мүмкіндік береді.   Сондай-ақ, мемлекет басшысы «REVERSE LOGISTICS SYSTEMS компаниясының басқарма төрағасы  ПАТРИК ВИДЕМАННмен кездесті. Әлемдік сауда-саттық саласын жетілдіруге машықтанған атаулы компания Қазақстан нарығында жұмыс істеуге дайын. Тараптар өзара пікір алмасып, қарым-қатынасты дамыту жолдарын пысықтады. Бұдан соң мемлекет басшысы RHENUS PORT LOGISTICS» компаниясының бас директоры Михаэль Виферспен кездесті. Бұл компания тауар тасымалдаудың барлық жолын тапқан.Теңіз арқылы, темір жол арқылы, автомобиль арқылы жұмыс істейді. Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазақстан экономикасы тұрақты өсіммен дамып келеді. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздермен әріптестік орнатуға дайынбыз, осы ретте шетелдік инвесторлардың Қазақстан нарығында жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалатынын айтқым келеді. Мен бұған дейін Германияға ресми сапармен келдім сол кезде де әлемдік нарықтағы компаниялардың жетекшілеріне біздің нарықтың мүмкіндіктері туралы мәлімет бердік. Біздің Германиядағы елшілігіміз бар, қарым-қатынасты нығайтуға, дамытуға көмек көрсетуге әзір.

МИХАЭЛЬ ВИФЕРС, «RHENUS PORT LOGISTICS» БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің компаниямыз отбасылық ең ірі компаниялардың бірі. Жылдық айналымы 50 млрд еуро. Ия, Қазақстан нарығымен, сіздердегі инвестициялық ахуалмен танысып жатырмыз, алдағы уақытта бірнеше жобаны қаржыландыруға ниетіміз бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірнеше кездесулерден кейін арнайы шақырумен келген Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты. 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕС БЕРУ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
20:33, 10 шілде 2020
БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕС БЕРУ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
Толығырақ...
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:31, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
20:30, 9 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...