ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ

20:31, 12 желтоқсан 2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Айта кетерлігі бұл жолы лауазымды шенеуніктерге емес, қарапайым жұмысшылар мен ғалымдарға айрықша көңіл бөлінген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым жұмысшылардың еңбегін назардан тыс қалдырмау керектігін айтқаны ел есінде. Істеген ісін бұлдамай, жанын салып жұмыс істеп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі Маңғыстаулық шопан Есет Өтесов. Бүгін ол  арнайы шақыртылып, Президенттің қолынан  ІІІ дәрежеле «Еңбек даңқы» орденін алды. Кең далада қой өріткен Есет Сиражұлы аяқ астында Ақордадан бір-ақ шыққанына аң-таң. Ұзақ уақыт қобалжумен болды.

ЕСЕТ ӨТЕСОВ, ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Жоғары дәрежелі ерекше белгісі- «Қазақстанның еңбек ері» атағы да қарапайым жұмысшыға берілді. Тұрсынбек Мәкішев «Қазақмыс» корпорациясында қарапайым ұңғылаушы болып жұмыс істейді. Айрықша белгісі «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырылды.

ТҰРСЫНБЕК МӘКІШЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

«Қазақстанның еңбек ері» атағын екі адамға берілді. Жоғары құрметке ие болған екінші тұлға әйгілі Роза Рымбаева. Ел үшін аянбай еңбек ете беретіндігіне сенім білдірді. Тілшілеріне сауалына жауап беру сәтінде, осы жолғы марапаттың маңыздылығы туралы мынандай пікір білдірді.

РОЗА РЫМБАЕВА, ХАЛЫҚ ӘРТІСІ,  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТОВ, І ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Мемлекеттік наградалар көп жағдайда жоғары лауазымды шенеуніктерге берілетіні мәлім. Бұл жолы бәрі басқаша. Механизаторлар, вагон жөндеушілер, агрономдар, мектеп мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, дәрігерлер, ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан мәдениет саласының қызметкерлеріне айрықша көңіл бөлінді. Зиялым қауым өкілдерінің де еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Бүгін бас-аяғы 39 адамға мемлекеттік награда табысталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыз үшін қастерлі де қасиетті ұғым саналатын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. 28 жылдан бері жасалған ауқымды істерді баяндады. Еліміздің дамуы үшін, тынбай тер төгіп, аянбай еңбек еткен Елбасының ерлігіне де ерекше тоқталды.  

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Халқымыз үшін, еліміздің кемел келешегі үшін Тұңғыш Президентіміз, Елбасының терең білімі мен теңдессіз тәжірибесі аса қажет болады. Мемлекеттілігіміздің негізін қалаушы, әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаның еңбегін ескеру, ұғыну біздің борышымыз.

28 жылда жеткен жетістік аз емес. Бірақ, оған тоқмейілсіп, тоқтап қалуға болмайтынын ескертті Президент. Сондықтан, уақыттың, заманның талабына сай даму үрдісін жалғастырмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын одан әрі арттыру жолында барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты. Ең бастысы халықтың үнін еститін билік жасайтынын баяндады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Әрбір шенеунік халық үшін жұмыс істейтінін, халықтың ортасында болу керектігін ұмытпауы тиіс. Халықтың үнін тыңдайтын мемлекетте, ешқандай бюрократия болмауы қажет. Цифрлық үдерістер негізінде бәрі ашық болуы шарт. Мемлекеттік биліктің басқару тетігіне жаңа лепті, жаңа толқынды тартуымыз қажет.

Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік мәселесіне қашанда айрықша назар аударатындығын айтты. Әсіресе, баспанамен, жұмыспен қамту басты назарда болатынын жеткізді. Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, бірлік пен тұрақтылықта өмір сүрсек, талай биікті бағындыруға болатынын түсіндірді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Президенттің қолынан мемлекеттік награда алған азаматтардың барлығы қазақ елінің амандығын, тұтастығы мен тұрақтылығына тілектестік білдірді. Баянды болашақ үшін әрбір салада аянбай адал қызмет етуге сенім білдірді. Салатанатты сәттен кейін естелікке суретке түсіп, ордендерін тойлауға тарқасты.

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...