ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ Толығырақ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ КӨТЕРІЛЕДІ

20:32, 19 қыркүйек 2019

Мұғалімдерді жұмысқа жеккендер енді жауапқа тартылады. Оларға 50 мың 540 теңгеден 303 мың теңгеге дейін айыппұл төлеу міндеттеледі. Мұғалім мәртебесін көтеретін заң жобасының таныстырылымы Мәжілісте өтті. «Мектеп директоры болсын, әкімшіліктер болсын, ұстаздарды өзіне тиісті емес жұмысқа салғандар заң алдында жауап береді»,-деді білім және ғылым министрі. Сондай-ақ материалдық негізгі ынталандыру ретінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі еселеген төлем болмақ. Педагог шеберлігі үшін қосымша ақы ескерілген. Мұнымен қоса, тәлемгерлік үшін де үстемеақы енгізілмек. Мәселен, жас маман мектепке орналасса, оған еңбек өтілі бар ұстаз - тәлімгер тағайындалады, өз тәжірибесімен бөліседі, жұмыстың қыр-сырын үйретеді. Магистр дәрежесі бар мамандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 25270 теңге қосымша ақы қарастырылған. Білім саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 3 жылдың ішінде 1 миллиардтан астам қаржы қарастырылды.

ӘБДІМАНАП БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Осы заң аясында балабақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, колледж мұғалімдерінің жалақысы көтерілетін болады. Бұрын педагогтардың демалысқа шығатын уақыты әртүрлі болатын. Қазір бәрін теңестіріп, педагогтардың барлығы 56 күн болады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: ЕГІС НАУҚАНЫ МЕН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ
20:33, 26 мамыр 2020
ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: ЕГІС НАУҚАНЫ МЕН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАЙ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 26 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАН...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
20:31, 26 мамыр 2020
ЕЛБАСЫ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...