ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:37, 5 қыркүйек 2019

Атаулы мерекеге орай бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұнай саласының майталмандары Атырауға жиналды. Қазақ мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиында оларды Мемлекет басшысы өзі құттықтап, ілтипат білдірді.Президент қазақстандық мұнайшылардың мұнай-газ индустриясын қалыптастырудағы ерен еңбегін еске алды. Саланы дамыту үшін шетелден капитал тартудағы Елбасының орасан зор еңбегін атап өтті. Қазір мұнай саласында заманауи технология мен озық тәжірибені меңгерген отандық мамандардың қатары көбейген. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мұнайшылардың ұрпақ сабақтастығына да арнайы тоқталды. Салтанатты рәсім соңында Президент ең үздік 41 қызметкерді марапатттады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Осы кезең ішінде Қазақстанда қара алтыннан бақ бежрекесін тапқан тұтас  әулеттер қалыптасты. Бұл кәсіпті игерген Балғымбаев, Балжанов, Бешімов, Нұржановотбасылары елге танымал. Олар бұл саладағы ұрпаұтар сабақтастығын жалғап келеді. Қазақ мұнайының атасы Сафи Өтебаевтың өмір жолы ерекше қадірлеуге лайық. Биыл Сафи Өтебаевтың туғанына 110 жыл толуына орайоның есіміАтырау мұнай және газ университетіне берілді.Осындай әулеттердің тағылымды тарихы мен өнегелі дәстүрін  бағалап насихаттауымыз керек.

АМАНТАЙ СЕРЖАНОВ, "ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ:

- 90-нан бастап операторлықтан цех бастығына дейін көтерілдім. президент рлынан нагдара алу үлкен абырой. мұнай саласындағы еңбектері еленіп марапттала берсін. қазақстан мұнайы жкөбенйе берсін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар