ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

20:32, 23 қараша 2020

«Nur Otan» уақыт талабына сай әлі де өзгеріп отырады. Бұл көшбасшылықты сақтап қалу және халықтың мүддесі үшін жұмыс істеу үшін аса маңызды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек XX съезд қарсаңында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы кезінде осылай деді. Сондай-ақ, Нұр Отандықтар соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысын шығарды.

«Nur Otan» елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасын қолға алды. Қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесі, веб-портал, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы халықпен тығыз байланыс орнатылған. Әсіресе пандемия кезінде онлайн қабылдаулардың маңызы артып, 339 мың өтініш электронды түрде қабылданған.

БАУЫРЖАН БАЙБЕ,К «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-  За 5 лет в партию обратилась... 5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Мәселелердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданды. Нұротандық депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты,

Елбасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры 2,2 милионнан астам адамға, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне материалдық көмек көрсетті. Қиын кезеңде бірінші кезектегі қажет тауарлар мен бетперделер тегін таратылды. Партияның әлеуметтік жобалары да аз уақыт ішінде жақсы нәтижелер көрсетіп үлгерді. Ардагерлерді ардақтайық, Бақытты отбасы, Кедергісіз келешек, Жастар – Отанға  сынды бастамалар   мыңдаған қазақстандықтың түйткілді мәселелерін шешуге сеп болды. Жақында өткен Партия ішілік сайлау да елдің саяси өміріндегі елеулі оқиға болды. .

 БАУЫРЖАН БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елбасы, партия төрағасының тапсырмасымен алғаш рет өткен Республикалық партия ішілік сайлау, Праймериз партияны қайта жандандырудың қорытынды кезеңі болды. NUR OTAN партиясының праймеризі Қазақстан үшін елеулі оқиғаға айналып, мықты лидерлер мықты папртия формуласын іске асырды.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Үміткерлерге дауыс беруге 700 мыңға жуық нұр Отан партиясының мүшесі қатысқаны баршамызды қуантады. Мұның бәрі тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен жүзеге асты. Нұр Отан партиясы нағыз халықтық екенін дәлелдеді.

Праймеризге қатысушылар болашақта бар күш-жігерімізді халық алдында берген уәдеміз бен партияның жоспарын жүзеге асыруға жұмсаймыз деп отыр.

ИРИНА ЧИДУНЧИ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Барлық павлодарлық әйелдер атынан Елбасымызға ауқымды жобаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіріп, елдегі болып жатқан өзгерістерден сырт қалмайтынымызға, Қазақстанды бірге өркендету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сендіргім келеді

«Партия қатарын тазарту» аясында Жарғы мен Этика кодексін сақтамағаны, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылды. Саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебі алдын ала мақұлданды, партияның Жарғысы мен Саяси Доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
20:31, 26 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ENPF-OTBASY.KZ САЙТЫНДА ӨТІНІМ БЕРГЕНДЕ ТІРКЕЛГЕН ҚАТЕЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ
20:31, 25 қаңтар 2021
ENPF-OTBASY.KZ САЙТЫНДА ӨТІНІМ БЕРГЕНДЕ ТІРКЕЛГЕН ҚАТЕЛІКТЕР...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 22 қаңтар 2021
ЕЛБАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...