ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

20:34, 13 тамыз 2019

Өңір экономикасы қалыпты дамып келеді. Барлық сала бойынша өсім бар. Машина жасау салаларына инвестиция тартылып, ондағы жаңғырту жұмыстары кезеңімен жүзеге асырылуда. Республика бойынша құрылыс жұмыстарының 40 пайызы бізде атқарылуда. 7 айда атқарылған шаруа облыстық әкімдікте қорытындыланып, жоспар нақтыланды. 

Өңірде танап басындағы жұмыстар басталды. Механизаторлар егінді құлатуда. Қауырт маусымда көбі уақытша жалданады. Тиісінше, ұжымдық келісім шарт, зейнетақы аударымдары деген атымен жоқ. Бір сөзбен айтқанда, нақты табысты жасырып, салықтан жалтарудың амалы бұл.  Облыс әкімі аталған олқылықты күзгі дала жұмыстары басталғанша дейін түзету жөнінде тапсырма берген болатын.

БЕКЕТ НҰҒЫМАНОВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ» ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Аудан әкімдері мен аграрийлердің артынан жүгіріп жүрмін. Мені көрсе, бәрі қашады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Үнсіз отырсыздар. Аудандағы орындалмай жатқан шаруадан хабардар етпейсіздер. Аудандағы оң және теріс өзгерістердің барлығына әкімдер жауапты. Өздеріңізге жүктелген жауапкершіліктен қашпаңыздар.

Машина жасау саласында оң өзгеріс бар. Киров, Петропавл ауыр машина жасау және Мұнаймаш зауыттары былтырғыдан көп тапсырыс алған. Аталған өндіріс ошақтары қондырғыларын заманға сай жаңғырты, еңбеккерлерінің жалақысын жоғарылатып жатыр. 

Ал құрылыс саласындағылар қолда бар қаражатты ұқсата алмауда. Баспанадан бұрын мектептердегі жөндеу шаруасы жедел түрде атқарылуда.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ел бойынша 323 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Соның 40 пайызы біздің өңірде іске асырылып жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Құрылыс жұмысының көлемі ауқымды. Тиісінше, өңірімізде жұмыс күші тапшы. 

Жұмыспен қамту, жаңа оқу жылына даярлық тақырыптары талұқыланды. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ  Ә. ТҰРҒАНБЕКОВКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
20:32, 15 тамыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Ә. ТҰРҒАНБЕКОВКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар