ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚШ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

18:03, 19 шілде 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозерді қабылдады. Екіжақты келіссөз барысында бірқатар бастамалар көтеріліп, АҚШ пен Петропавлдың әріптестігін одан әрі нығайту, қосымша инвестиция тарту мәселелері көтерілді.

Солтүстік Қазақстан облысы Еуразияның алтын қақпасы іспеттес, Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқандықтан оңтүстік пен солтүстікті,батыс пен шығысты қосатын іргелі алқапты аймақ. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі Уильям Мозермен кездесуінде аграрлы аймаққа инвестиция тартудың тиімділігі жайлы сөз қозғады. Бүгінге дейін орнатылған әріптестік қатынасты одан әрі дамыту керек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жыл бойы біз министріктермен бірлесе жұмыс істеп, инвестиция тарту бойынша жоспарлар жасадық. Бұл жергілікті орган мен үкімет деңгейінде атқарылған жұмыс. Сондықтан да «Джон дир» компаниясы Петропавл қаласынан зауыт ашуды көздесе біз оған толыққанды дайынбыз. Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы аймағы болғандықтан Сіздердің техникаларыңыз бізде шығарылғанын қалаймыз.

АҚШ елшісі Уильям Мозер аймақ басшысының ұсынысы орынды екенін және америкалық инвесторлар Қазақстанда бірнеше жобаларды іске асырып жатқандығын жеткізді.

УИЛЬЯМ МОЗЕР, АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ   ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

- Құмар Іргебайұлы, Сізбен кездесу мен үшін өте үлкен құрмет. Қазақстандағы, соның ішінде Сіздердің өңірлеріңіздегі ауыл шаруашылық саласының потенциалы жақсы. Америкалық кәсіпкерлердің Қазақстанда ірі ауыл шаруашылық секторын салуға ниеті бар. Өйткені қазақстандық диқандар біздің техникамен жақсы таныс. АҚШтық «Валма» компаниясы биыл күзде Нұр-Сұлтан қаласының сыртында өз жобасын бастайды. Бұл әлі тек бастамасы ғана. Біздің инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы жоғары. Бұл мәселе күзге қарай оң шешімін табады деп ойлаймын.

Айта кету керек, биыл Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға 45 млрд. теңге инвестия тартылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕС БЕРУ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
20:33, 10 шілде 2020
БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕС БЕРУ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
Толығырақ...
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:31, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
20:30, 9 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...