ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

17:51, 6 қараша 2019

Петропавлда спорттық нысандар мен мәдени орындар күрделі жөнделіп жатыр. Осы мақсатқа жергілікті қазынадан қомақты қаражат та бөлінген. Өткен сейсенбі күні облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен қаланы аралады. Өңір жетекшісі ең алдымен «Green park» отбасылық демалыс орнында болып, салынып жатқан жаңа мейрамхананың құрылысымен танысты.

«Green park» отбасылық демалыс орнында салынып жатқан жаңа ресторан 250 орынға шақталған. Жоспар бойынша жаңа мейрамхана жаңа жылдың қарсаңында ашылуы тиіс еді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыстар тым баяу жүргізіліп жатқанын сынға алды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-Когда открываем?

-Планируем в декабре. Но немножко в сроки не уложемся. В начале в следущего года планируется открытие.

- Как все строители наши.

Қала маңындағы табиғи демалыс орнына келген туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда биыл 80 % артқан. Мемлекет осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Осындай көмектің арқасында болашақта бұл демалыс орнында тағы 4 жұлдызды заманауи қонақ үй салынады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, өңір мақтанышы - ботаникалық бақ жаңа кейіпке енеді. Бұл мақсатқа 200 млн теңге қаражат бөлінген. Оранжереяда кіреберіс аркасы, субұрқақ, қысқы бақ күрделі жөндеуден өтеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Петропавлда тағы бір шағын стадион салынып жатыр. Қазір мұнда барлық заман талабына сай жасанды шөп төселді. Келесі жылы жанкүйерлерге арналған 300 орынға шақталған трибуна орнатылады. Құмар Ақсақалов сырттан легионерлер тартпай, жергілікті спортшыларды тәрбиелеу керектігін тағы бір мәрте еске салды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз жергілікті аяқдопшыларды тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана өңірімізде футбол дамиды. Қазір үш ауданда осындай алаң бар. Келесі жылы Саумалкөлде саламыз. Алдағы екі-үш жылда өңіріміздің барлық аудан орталықтарында жасанды төсемесі бар алаңдар ашылады. Оған мемлекеттен тиісті қаржы бөлінді. 

Келер жылдың сәуір айынан бастап осында жас футболшылар жаттығуға кіріседі. Айта кету қажет, бүгінгі таңда қала бойынша футболмен 6 мыңнан астам жасөспірім айналысады.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, «ЖЕҢІС» ОРБЖСМ ЖЕТЕКШІСІ:

Жасанды төсеме сапалы. «Қарасай» стадионының төсемесіне ұқсас. Мердігер компания стадионға үш жыл кепілдік береді. Барлығы заман талабына сай жасалады

Ал «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үлкен және шағын бассейнде су тазартқыш фильтрлер ауыстырылып, тренажер залы жөндеуден өтті. Нысанның кіре берісі де кеңейді. Сондай-ақ, ғимараттың қасбеті жөнге келтірілді. Жұмыстар жыл соңында толығымен аяқталады.

СЕРІК ҚАСЫМОВ,  «ДЕЛЬФИН» БЖСМ ДИРЕКТОРЫ:

- Келесі аптада жаңа 7 тренажорлық жабдық әкелінеді Ескілері алынып тасталады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кешке мектептің жанынан өтіп бара жатқан кезде спортшылардың айналысып жатқанын жиі көремін. Бұл- жақсы жарнама. Мұнымен қоса, олар саламатты өмір салтын насихаттайды. Жөндеу жұмыстары жақсы жасалыпты. Әдемі. Көңілім толды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрмыстық химия шығаратын фабрикаға да соқты. Өндіріс орны жақында іске қосылмақ. Бұл қатты сабын шығаратын еліміздегі әзірше жалғыз кәсіпорын болмақ. Жаңа желі іске қосылғасын олар бір айдың ішінде шамамен 500 тонна сұйық және қатты сабын шығаруды көздеп отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тауарды Ресейге экспорттаймыз. Отандық өнім бәсекеге қабілетті. Сапасы да жақсы. Бағасы да қол жетімді. Фабриканың ерекшелігі сол, оның барлығы табиғи таза өнімдер.  

Петропавлда бос тұрған ғимараттар өте көп. Жергілікті билік оларды инвесторларға беруге дайын.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ УКРАИНАҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІН АЙТТЫ
13:05, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ УКРАИНАҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІН АЙТТЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ГЕРМАНИЯ БИЗНЕСМЕНДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ГЕРМАНИЯ БИЗНЕСМЕНДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...