ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

17:51, 29 қараша 2019

 

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында 10 айда облыста атқарылған істер бойынша есеп беріп, жылды қорытындылады. Өңір басшысы білім беру, денсаулық сақтау, көші-қон,спорт салаларына жеке-жеке тоқталды.  Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов, биыл өңір диқандары мол өнім жинағанын ерекше атап өтті.  Еліміздің бас қаласында өткен орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингі жайында келесі бейнематериалда.

Ала жаздай өсірген астықты сыртқы нарыққа шығарудан бұрын оны өңдеу маңызды. Өңірде аталған шаруамен «Kazmeal», «Тайынша Май» мен «Bio Operations» айналысады. Соңғы аталған кәсіпорын крахмал мен глютен шығарады. Ал келесі жылдың басынан биоэтанол өндірісін қолға алады. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша да жұмыс бір жолға қойылған. Ауылдағы ағайынның жағдайына да көп көңіл бөлінуде.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл 676 шақырым жолды жөндеуге 30 млрд теңге қаржы бөлінді. Осылайша, 133 елді мекеннің тұрғындары үшін, яғни 65 мыңдай солтүстікқазақстандықтың жолға қатысты проблемасы шешілді. Таза ауыз суға келер болсақ, 4,4 млрд теңге жұмсалды. Қазір біз тіршілік көзін ауылдарға ғана емес, әрбір ағайынның үйіне тартуға басымдық берудеміз. Қазір 20 мың баспанаға су кіргізілді. Бұл барлық үйлердің 26 пайызын құрайды.

Осы жылы 41 елді мекенде 178 шақырым болатын су таратушы тораптар қалыпқа келтірілді. Алдағы уақытта шаруа жалғасын таппақ. Өндіріс саласындағы қарқын да кеуде қағарлықтай. Өңірде жаңа фабрикалар мен зауыттар іске қосылуда. Сырымбет қалайы кен орнында да жұмыс басталды. Іске 100 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал 2020-да кен-байыту комбинаты тұрғызылмақ. Аймақта термовагондар шығарылады, ал алдағы уақытта жергілікті жерде жинақталған ноутбуктерді қолымызға аламыз. Еліміздегі «Qyzyljar» бірегей арнайы экономикалық аймағы да біздің облысымызда құрылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:!

- Инвесторлар салық төлеуден босатылады. Бизнесмендерге кеден бажы да салынбайды. Алғашқы инвестиция көлемі 160 млрд теңгені құрамақ. 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Мүмкіндікті пайдалана отыра, қалталы азаматтарды біздің «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында еңбектенуге шақырамын. Барынша көмек пен қолдау көрсетілетін болады.

Бүгінде солтүстікқазақстандықтардың жалақысы ел бойынша төмен. Алайда, жыл басынан еңбекақы 16 пайызға өскен болатын. 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны да ашылды. Журналистер сәтті пайдаланып, Құмар Ақсақаловтың айлық еңбекақысының мөлшерін сұрады. Өңір басшысының сөзінше, ол қолына 766 мың теңге алады. Облыс әкімі премьер-лигаға жолдама алған « Qyzyljar» футбол клубына қатысты ойымен де бөлісті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл футбол клубында жергілікті 6-7 ойыншы болды. Келесі жылы олардың санын 2 есеге арттыруды көздеп отырмыз. Ал легионерлердің санын қысқарту керек. 2-3-еуін қалдырамыз. Себебі, олар - тәжірибелі, мықты ойыншылар. Жергілікті балаларға үлгі болады. Менің позициям - барлық спорт түрлерінде біздің балалар болуы қажет!

Жерлестерге қолдау көрсету - басты басымдықтардың бірі. Бұл - туризмге де қатысты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Соңғы 3 жылда курорттық аймақта 273 шақырым жол жөнделді. Оған 7 млрд тг жұмсалды. Алдағы 5 жылда Шалқар мен Имантауға қомақты қаржы құйылмақ - 23 млрд тг. «Ботай» мұражайының құрылысы, Имантау көлінің жағажайын жаңарту көзделген. Инвесторлар заманауи демалыс базаларын салады. «Шалқар Су» санаторийі қайта қалпына келтірілуде. Өңір тұрғындары басқа жаққа бармай-ақ санаторлы ем алмақ.

Айта кетейік, Жаңа жылды мерекелеуге қаражат арнайы бөлінбейді. Үнемділік танытылып, ақша маңызды істерге жұмсалмақ. Ал, қаланы безендіру үшін бұрын сатып алынған шырша мен жарық шамдар қолданылмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
20:34, 12 желтоқсан 2019
ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:33, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:32, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...