ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

13:01, 25 мамыр 2020

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіріп, импорттың үлесін азайту. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тайынша ауданына барды. Өңір басшысы егіс науқанының барысын қадағалап, ауданның бірқатар нысанын аралады.

Бір апта  бойы жауған жауын аграрийлерге егіс науқанын ойдағыдай жүргізуге кедергі келтірді. Диқандар биыл дала жұмыстарын 2 аптаға ерте бастағандықтан, егіс науқаны уақытылы аяқталады деп отыр.  Ауыл шаруашылығы солтүстік өңірдің басты саласы, дақылдарды өзімізде өсіріп,   жарма өндіріп,  облыс сұранысын ғана емес, Қазақстан нарығының біраз бөлігін қамтуымыз керек деді Құмар Ақсақалов. Айталық қарақұмық биыл өткен жылға қарағанда 3 есе көп егілмек. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мал шаруашылығына да айырықша көңіл бөлінеді.  Өңірде заманауи тауарлы-сүт фермаларды салу қолға алынған.  Қазір облыста 81 ферма бар. Оның 64-ті   жаңартуды қажет етеді. Геннадий Зенченко Аққайың ауданында жаңа кешенді салуды бастады. Жобаның жалпы құны  1,5 миллиард теңге.  Жаңа ферма жыл соңында жұмысын бастамақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Шұжық өнімдері облыста аса сұраныста, алайда нарықтағы тауарлардың басым бөлігі өзге елдерден жеткізілген. Құмар Ақсақалов жергілікті тауарөндірушілерге бұл сұранысты қамтуды тапсырды. Өткен жылы   «EMC Агро» ет көмбинатында   56 мың тонна ет өндірілді, оның тек 8 мыңы ғана қайта өңдеуге  жіберілді. Бұл өте аз. Биыл бұл көрсеткішті көбейтіп,өнім түрлілігін 50 аталымға дейін жеткізу көзделген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ол үшін мал басын арттыру қажет.  2 жыл бұрын мұнда 50 мың шошқаға арналған  кешен   тұрғызған. 2020 жылы  тағы бір ферма салынады. Алдағы уақытта Тайынша ауданындағы шошқа өсіру кешені Қазақстандағы ең ірілердің қатарына қосылады. Осылайша шұжық өндірісі қажетті шикізатпен қамтылмақ. Кәсіпкер жобаны 21 жылы аяқтаймыз деп отыр.

ҚАНАТ АТЕЙБЕКОВ, «EMC АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Bio Operation»  зауытында биыл жаңа цех салынып жатыр. Мұнда биоэтанол өндірілмек. Француздық құрылғылар сатып алынған. Алайда пандемия кәсіпорынның жұмысына өзгерістер енгізді. Шекаралар жабық болғасын құрылғыларды жеткізе алмай отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кәсіпорындармен қатар аудан да дамып келеді. Осы айда  дене шынықтыру-спорт кешені тұрғызыла бастады.  Кешенде бір мезетте 160  көрермен  спорт сайыстарын тамашалай алады. Жобаға  600 млн теңге құйылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Оған қоса,Келлеровка селосындағы  мәдениет үйінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл ғимарат мәдени шараларға ғана емес, түрлі жиындар мен  сайыстарды өткізуге жарайтын болады.  Озерный елдімекенінде «Қазақстан жұлдызы» алтарі орналасқан.  Бұл поляк халқының елімізге деген үлкен сыйы. Жыл сайын мұнда 2 мыңға дейін католик келіп, сыйынады. Болашақта оны  Қазақстанның көрікті орындарының біріне айналдыру жоспарланған.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕС БЕРУ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
20:33, 10 шілде 2020
БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕС БЕРУ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК
Толығырақ...
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:31, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
20:30, 9 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...