ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ОБЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘЗІР

20:37, 4 қыркүйек 2019

Облыстық полиция департаментінің  мамандары  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжатта  «Күш құрылымы саналатын полицияның келбеті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қызмет көрсететін орган болады», - деп атап өткен болатын.Толығырақ келесі бейнематериалда.

Тәртіп сақшылары күн сайын халықпен тікелей жұмыс ІСТЕП, тығыз қарым-қатынаста болады. Сондықтан әр офицер мен сержант Жолдаудың мазмұнын жақсы білуі қажет. Елбасы жасаған Бес институционалдық реформаны іске асыру бағдарламасы мен Ұлт жоспарына департамент бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев тоқталды. Полиция департаментінің бастығы өз кезегінде қызметкерлерге жұмыс барысында ашықтық пен айқындықты нығайтуды тапсырды.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Мемлекет тарапынан ішкі істер министрлігіне үлкен қаражат бөлінеді. Сондықтан қойылатын талап та зор. Халықпен тығыз жұмыс жүргізу, шақыртуларға жедел шаралар қабылдау қажет. Президент Әкімшілігінде өтініштер мен шағымдарды қарау бөлімі құрылды. Келіп түсетін өтініштердің 40 пайызы – ІІМ жұмысына қатысты. Олар негізінен жұмыстағы кемшіліктерге, уақтылы шаралар қабылданбағандықтан және азаматтар полиция бөлімдерінің бастықтарына тікелей жүгіне алмағандықтан туындайды. Сондықтан осындай сұрақтар аймақтар мен аудандарда бірден әрі жылдам шешілуі тиіс.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жаңа форматта жұмыс істеуге әзір. Мәселен, қызмет көрсетудің сервистік моделі өткен жылдың соңында енгізілген. Сол уақыттан бастап Көші-қон қызметтері орталығы мен қалалық Полиция басқармасының фронт-офисі өз жұмысын бастады.

САҒЫНДЫҚ ТЕМІРЕЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Полицияның халыққа ашық, жақын болуы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылды. Осының барлығы бүгінгі жиында жеке құраммен талқыланды. Біздің  қойылған мақсатымыз – халыққа деген қызмет, халықтың қауіпсіздігі, әкімшілік, қылмыстық жағдайларды болдырмау.

Жақында облыстық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Президент Жолдауын талқылау бойынша кездесулерді аудандық полиция бөліністерінің жеке құрамымен өткізбек.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар