ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

20:35, 19 қараша 2019

Жаңадан құрылған «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы арқылы өңірге келесі жылы шамамен 300 млрд астам теңге инвестиция тартылмақ. Көлік, логистика, туризм салаларына және басқаларына басымдық беріледі. Облыстық әкімдікте инвесторларды тартуға арналған өңірлік кеңестің отырысы өтті. Кездесуде сәтті инвестжобалар туралы айтылып, инвестициялық климатты жақсарту жолдары талқыланды.

"QYZYLJAR" арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға бірегей жеңілдіктер қарастырлған. Солардың бірі - инвесторлар түрлі салықтарды төлеуден босатылады және  қажетті инфрақұрылым толығымен мемлекет есебінен тартылады. Өңір  басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, біздің міндетіміз – қазіргі және болашақ инвесторларға олардың идеяларын жүзеге асыруға көмектесу.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жақында ғана арнайы экономикалық аймаққа бірінші қатысушы кірді. Бұл 500 орынға шақталған көп бейінді аурухананың құрылысын қолға алған Юдей холдинг түрік компаниясы. Премьер-Министрдің сапары аясында өткен аптада біз тұрмыстық химия фабрикасын іске қостық, жоба қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында жүзеге асты. Киров атындағы зауытты және ауыр машина жасау зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі мәреге жетті. Жаңа жабдықтың арқасында Киров зауыты  көп қабатты платаларды шығаруды бастады. Олар тұрмыстық техникаға қолданылады, мұндай өндірістің республика бойынша баламасы жоқ.

Кездесуде өңірдегі жобаларды сәтті  іске асыруда  "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Қазына Капитал Менеджмент көрсететін мемлекеттік қолдаудың түрлері мысалға алынды.  Мәселен «Астана» халықаралық қаржы ортылығы - Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Монғолия және Еуропа үшін  қаржылық институт болып саналады.

БОЛАТБЕК ҚУАНДЫҚОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстанда 1,7 триллион теңгеге 150 келісімшарт жасалды. Мысалы, агроөнеркәсіп кешенінде несие және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау, арнайы салық режимі және т. б. сияқты инвестициялық жобаларды қолдау бойынша бірқатар шаралар қарастырылған.

Ал Қазына Капитал Менеджмент болса, ірі инвесторларды тартады және экономиканың шикізаттық емес секторындағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін ынталандырады.

ДАНИЯЛ НӨГЕРБЕКОВ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда Капитал Менеджементтің қазынасында  2,6 миллиард АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялардың 15 қоры бар, бізде ел бойынша 38 портфельдік инвестиция және шетелдік 29 портфельдік инвестиция бар.Егер салалар бойынша қарайтын болсақ, 52 пайыз көлік пен логистика, 22 пайыз энергетика ,16 пайыз өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Инвесторлар мен кәсіпкерлер кездесуде өз жетістіктерімен бөлісті. Тайынша Май Қытай Халық Республикасы инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылған алғашқы жобалардың бірі. Қазір инвестор зауытты кеңейтуде.

ФАН ЛУН ФЕЙ, «ТАЙЫНША МАЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- "Айцзюй" корпорациясы 2016 жылдың мамыр айында Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорын құрылысын бастады. май өндіру зауытын салу үшін жарты жыл қажет болды. Бұл біздің Қазақстан экономикасындағы алғашқы жобамыз. Келесі кезеңде – ет, сүт және астық өңдеу зауытын салмақпыз. Осы мақсатқа 150 миллион АҚШ доллары жұмсалады.

"МДМ Сауда Компаниясы" ЖШС директоры Мехти Муталим оглы Дадашов өзінің іске асырылған Сити Молл жобасымен және басқа да жоспарларымен бөлісті.  2020 жылы серіктестік 20-шы ышам ауданда 7 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорт кешенінің құрылысын қолға алмақ. "Траст Петролеум" ЖШС директоры болса фанер өндіру және ағаш өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр.  Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі  бүгінде мемлекет тарапынан бизнесті табысты жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын және құрылған арнайы экономикалық аймақ оның тамаша үлгісі екенін атап өтті.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
17:51, 12 желтоқсан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:38, 11 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...