ШҰҒЫЛ! ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ Толығырақ

ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ

17:17, 5 тамыз 2020

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов облысқа іс-сапармен келді.  Халық қалаулысы алдымен Айыртау және Есіл аудандарына барып, бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұнымен қоса, жергілікті тұрғындармен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов алдымен Айыртау ауданына қарасты Антоновка ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, ел аумағында енгізіліп жатқан заңдармен жаңашылдықтар  туралы айтты.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Парламенттің кезекті сессиясында 60 заң қабылданды. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңында өзгерістер бар. Елімізде екпе егу міндеттелді. Бірақ, бірқатар жеңілдіктер бар. Мысалы, мектепке баратын балаларға, ересектер жұмысқа тұрған кезде вакцинация жасамауға болады. Ал балабақша тәрбиеленушілері міндетті түрде екпе қабылдау қажет. Сондай-ақ, «Еңбек» кодексіне де бірқатар өзгертулер енгізілді. Енді еңбек шарты бірыңғай есеп жүйесіне электронды форматта тіркелетін болды. Мұнымен қоса, әскерге шақырылғандардың жұмыс орны сақталатын болады.»

Антоновка ауылында 1218 адам тұрады. Елді мекенде негізінен ауыз су мәселесі өзекті тұр. Ерік Хамзаұлы бұл проблемамен жақсы таныс. Сәтін салса, келесі жылы мұнда 19 шақырымдық су тарату желісі ауыстырылып, әр үйге тіршілік көзі тартылады деп уәде берді. Бұл мақсатқа бюджеттен шамамен 400 миллион теңге қарастырылатын болады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр екен.

ДАРХАН ӘМРИН, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Антоновка ауылында 416 аула бар. Қазіргі таңда 37 аулаға ауыз су жеткізілген.  Былтыр ауыл тұрғындары су тарату желісін салу мәселесін көтерген болатын. Бұны сіз де қолдаған едіңіз. Себебі, су құбыры жылда жиі істен шығып жататын. Міне, биыл жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Оған 10 миллион теңге бөлінді. Сәтін салса, келесі жылы жұмысты бастайтын боламыз. Нәтижесінде 100 % ауыз сумен қамтымақпыз.»

ЗАГРАДОВКА АУЫЛЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Бұдан кейін сенатор Есіл ауданына қарасты Заградовка елді мекеніне ат басын бұрды. Ауылдың жағдайы жаман емес. Мәселен, биыл «Заградовское» ЖШС-і 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын ашты. Осыған байланысты  30 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Сенат депутаты осы елді мекен тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту мақсатында, ауылда серіктестік  қаражаты есебінен осыдан 4 жыл бұрын салынған фельдшерлік-акушерлік пунктпен, 35 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген мәдениет үйімен танысты. Сондай-ақ, осы елді мекендегі тағы бір шаруашылық- «Прометей- Агро» ЖШС-не де барды.Серіктестік басшысы  Иван Шоль өткен жылы  мәдени демалыс орталығын салған. Бұл жерде жайлы дәмхана, балалардың ойын бөлмесі, бильярд пен  қонақ үй жұмыс істейді. Жалпы, меценатттар тұрып жатқан ауылдарын көркейтуге  белсенді ат салысуда.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Заградовка өте тамаша. Үлкен қожалық Шоль Юрий Иванович Фисенко Иван Феофанович мына әлеуметтік жағдайға үлкен көңіл аударып, үлкен жұмыс істеп отыр. Жаңа клубта болдық. Бұрыңғы клубты ресторан қылған. Оның ішінде бильярд, балаларға арналған ойын бөлмесін жасаған. Соның бәріне шынында да ризашылығымды білдіремін  осы қожалық жетекшілеріне. Сонымен қатар олар мал шаруашылығын көтеріп жатыр.»

ЮРИЙ ШОЛЬ, «ПРОМЕТЕЙ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Прометей-Агро» ЖШС 1998 жылы құрылды. Біз 22 жыл бойы дәнді және майлы дақылдарды өсіреміз. Жаңа технологияларды қолдану жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Егіннің шығымдылығы жақсы болу үшін минералды тыңайтқыш сіңіреміз.Оған қоса, біз ауылдың дамуына да айрықша көңіл бөлеміз. Былтыр үш отбасыға жаңа үй салып бердік. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін хоккей кортын да тұрғыздық. Өткен жылы жаңа мәдени демалыс орталығын аштық. Жалпы ауыл тұрғындары үшін мұнда бар жағдай жасап жатырмыз.

Сапар барысында халық қалаулысы  Заградовка орта  мектебіне де соғып, мұндағы күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты. Қазір мұнда білім ұясының шатыры мен есіктері ауыстырылуда. Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталмақ. Бұл мақсатқа 70 миллион теңгеге жуық қаржы бағытталыпты.

Жалпы, сенат депутаты Ерік Хамзаұлы іс-сапарын қорытындылай келе аудандарда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛМАҒАН
20:34, 23 қыркүйек 2020
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛМАҒАН
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:32, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
«АСТАНА EXPO-2017» ЖЭС 2-КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
20:31, 23 қыркүйек 2020
«АСТАНА EXPO-2017» ЖЭС 2-КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...