ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА БИЫЛ 2240 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

17:53, 20 қараша 2019

Биыл өңірде 2240 пәтер қолданысқа беріледі. Облыстық әкімдіктің отырысында өңірдегі құрылыс қарқыны жайында айтылып, тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі көтерілді.  Бір қуантарлығы, келер жылы салынатын  үйлердің саны 3 мың пәтерге жетеді деп жоспарланған.     

2019  жылы құрылыс саласына  21,2 млрд.теңге бөлініп, оның басым бөлігі игерілді. Бұл қаражатқа өңірде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтерді.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Білім беру нысандарының құрылысына биыл  2,9 млрд.теңге бөлінген. Бүгінге дейін «Береке» ықшам ауданында 600 балаға шақталған мектеп қолданысқа берілді, қазір «Жас өркенде» 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осындай білім ордасы Уәлиханов көшесінде де салынады. Ал Бескөлде 300 балаға арналған мектептің құрылысын жүргізетін  компанияны анықтап жатырмыз.

Облыс орталығында  қазақ театры, ауруханалар бөй көтеруде. Оған қоса пәтер кезегінде тұрғандарға жалдамалы-коммуналдық үйлер салынуда.  Тұрғызылып жатқан баспананың басым бөлігі ипотекалық несие арқылы тұрғындарға беріледі.

ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

- Петропавлда ипотекалық несиені беретін 10 банк бар.  Биыл тұрғындарға өткен жылға қарағанда 2 есе көп несие берілді.  «7-20-25» бағдарламасы бойынша  701 өтініш келіп түсті, оның  468-зі мақұлданып,  3 210,0 млн.тенгенің ипотекасы берілді.

Баспанамен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 6 көпқабатты үйге өтініш қабылдап, баспаналар көп ұзамай қолданысқа беріледі. Келесі жылы тағы 462 пәтері бар 4 үй үлестіріледі. Бір айта кететіні, осының арқасында пәтер кезегінде тұрғандардың саны биыл 237 адамға, келесі жылы  531 адамға азаяды. 

АЛМАС ЖАПАБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ  СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Көп балалы, толық емес, және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды баспанамен қамту үшін құрылған «Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша биыл 132 үйелмен пәтер сатып алды. Келер жылы бұл мақсақта көбірек қаражат бөлініп, республика бойынша 10 мың отбасын  қамту жоспарланған.

Негізгі құрылыс  «Жас-Өркен», «Береке» ықшам аудандарында және  Жуков көшесінде жүргізіліп келеді. Шаһар басшысы Болат Жұмабеков салынып жатқан әр үйге тоқталып, жоспармен бөлісті.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кредиттік және коммерциялық үйлерді жалпы санағанда келесі жылы 27  көпқабатты үй мен 40 жеке тұрғын үй тұрғызылып, өңірде жаңа 2553 баспана пайда болады.

Жоспар бойынша,  көпқабатты үйлер қаланың бірқатар жекеменшік секторларында салынады. Ол үшін мұндағы ескі үйдерді бұзып, тұрғындарын баспанамен қамту керек. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 2018 жылы біз 2068 пәтерді қолданысқа берсек, биыл 2240 баспана үлестірілуі керек. Келесі жылы 2842 пәтер болады деп жоспарлап отырмыз. Осылайша бұл көрсеткішті жыл сайын өсіріп, сұранысты қамтуымыз керек. 

Жиында көтерілген тағы бір өзекті мәселелердің бірі азық-түлік бағалары. Кәсіпкерлік пен туризм басқармасының жетекшісі Құралай Жарованың есебі бойынша, республикалық көрсеткіштермен саластырғанда, Солтүстік Қазақстанда тек тұздың бағасы ғана орташа бағадан жоғары болып тұр.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, СҚО  КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгінге дейін тұрақтандыру қоры құрылып, қоймаға 915 тонна көкөніс жеткізілді. 40 тонна  қарақұмық жармасы мен  385 тонна қант бар. Наубайханалар үшін 3 мың тонна ұн сатып алынып, 300 тоннасы қолдарына берілді. Осының арқасында әлеуметтік нанның бағасы бұрыңғы қалпында сақталады.

Өткен отырыстардың бірінде облыс әкімі аудан басшыларына жергілікті дүкендердегі бағаларды қадағалауды тапсырған еді. Басқарма жүргізген мониторинг көрсетіп отырғандай жағдай еш өзгерген жоқ,Уәлиханов ауданының  Кішкенекөл селосының дүкендерінде жұмыртқа 340 теңгеден, қарақұмық жармасы 390 теңгеден, Жамбыл ауданында күріш 410 теңгеден саудаланып жатыр.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
17:51, 12 желтоқсан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:38, 11 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...