ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІК ОТЫРЫСЫ

17:56, 5 қараша 2019

Облыс әкімдігінің отырысы өтіп, жиналыста логистика, инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыс сараланды. Жергілікті билік, облыстық маңызы бар жолдың 65 пайызын қанағаттанарлық жағдайға жеткізбекші.  Мұнымен қоса, тозығы жеткен су, жылу желілерінің көрсеткішін төмендету міндеті тұр.

Осыған дейін республикалық маңызы бар жол учаскелеріне ерекше көңіл аударылып келген еді. Бұдан былай «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінетін қыруар қаражат аудандық маңызы бар жолға жұмсалмақшы. Осы орайда, Құмар Ақсақалов ел қазынасынан аударылатын трансфертті  кестеге сай игеру міндетін жүктеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Үш жылдың ішінде жолға 76 млрд теңге бөлінді. 1900 шақырым жөнделді. Барлық бағдарлама арқылы. Биыл 700 км жөнделді.  Оған 38 млрд теңге жұмсалды.  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясын Еленовка, Арықбалық, Чистополье, Есіл, Булаев, Советское, Тимирязев, Ақсуат, Мичурино. Тізімде басқа да елдімекендер бар. 

Айыртау ауданына қарасты Саумалкөлдегі 15 көшеге, Бескөлде 7 көшеге жаңа асфальт төселетін болды. Қаражаттың көп бөлігі негізгі көшелерге бөлінеді. Қала мәртебесінде қалған Булаев қаласы облыс бюджеті есебінен жөнделеді. Осылайша, облыс аумағындағы жолдың 65 пайызын қанағаттанарлық жағдайға жеткізбекші. 

Жол құрылысында тиісті қадағалау жоқ. Жол азабын қарапайым тұрғындар көріп отыр. Өңір жетекшісі келісім шартты бұзған мердігерлерден айыппұлды үстемелеп өндіру жөнінде тапсырма берді.  Тұрғын үй құрылысына қатысты  талапты да қатаңдату керектігін айтты.

Жүкті аста-төк таситын ауыр габаритті көліктерге шектеу қою тапсырмасы орындалмаған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыс жолдарына жүктің салмағын нормадан асыратын көліктерге шектеу қоятын белгі орнату жөнінде уәде бердіңіздер. Аудандағы әкімдіктерден алған мәлімет бойынша, небары 50 белгі орнатылыпты.  Аққайың, Есіл, Жамбыл, Тайынша аудандарында бірде-бір белгі жоқ.

Күн райының құбылуына байланысты өңір жолында көлік апаты жиілеген. Себебі, көктайғаққа қарсы алдын алу шарасы дер кезінде атқарылмады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қазан айында 35 жол көлік апаты тіркелді.  10 адам тіл тартпай кетті, 33 адам дене жарақатын алды. Орын алған фактілердің бәрі көктайғақтың салдарынан болды.

Қыс мезгілінде аудандарда жолды қардан тазалайтын арнайы техника жоқтың қасы. Ал жергілікті әкімдер жалған ақпарат беруін доғарар емес.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тексере келгенде аудандарда инертті материал болмай жатады. Әрдайым тосын жағдайларға сақадай сай болу керек. Алдағы уақытта бізде техника, материал жоқ деп жүрмеңіздер. 

Жиналыс барысында тұрғындарды су және жылумен қамту мәселесі қозғалды. Алдағы уақытта мемлекеттен бөлінген қаражат есебінен желілердің тозу көрсеткішін 60 пайызға төмендету міндеті тұр. Тиісінше, коммуналдық қызметтің құны арзандамақ.  Ауылдарда бюджет қаражаты есебінен әкімдік су құбырын жер үйдің ішіне өткізіп береді. Әзірге саны белгісіз.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС КҮШЕЙЕДІ
17:48, 15 қараша 2019
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:35, 14 қараша 2019
ПРЕЗИДЕНТ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...