ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ ТЕМІР ЖОЛ СТАНСАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

17:50, 9 қазан 2019

Петропавл темір жол стансасын қайта құру жалғасады. Бұл мақсатқа инвесторлар қомақты қаражат бөліп, жолаушылардың жағдайын жақсартпақ. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Оңтүстік Орал теміржолының бастығы Анатолий Храмцовпен кездесіп, вокзалды жаңғырту мәселелерін талқылады.

Ресей темір жолдарының Петропавлдағы филиалында  4200 адам еңбек етеді. Орташа жалақылары 270 мың теңге. Жыл сайын облыс бюджетіне 6 млрд теңге салық төлеп, экономикаға өз үлесін қосып келеді. Петропавлда орналасқан бөлімшелерін жаңғыртуға бөліп отырған инвестиция көлемі де қомақты.    

АНАТОЛИЙ ХРАМЦОВ, ОҢТҮСТІК ОРАЛ ТЕМІРЖОЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 

- Инвестициялық бағдарлама аясында өткен жылы вокзалды жаңғыртуды бастасақ, биыл жалғасын табады. Бұл мақсатқа 140 млн рубль жұмсалды. Келесі жылдары, қайта құруды аяқтау мақсатында 360 млн рубьді бөлу туралы шешім қабылданды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов инвесторлардың бұл бастамасын қолдап, өңір тұрғындары мен қонақтарына барынша жағдай жасау керектігін айтты.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өзге өңірлердің вокзалдарын саралай келе, Петропавлдағы вокзалда ғана эсколатор жоқ екені анықталды. Сондықтан, ауыр жүкпен  жүретін  жолаушыларға максималды жағдай жасап, жатқаныңыз жақсы.  Біз өз тарапымыздан вокзал маңын аббаттандырамыз.

Әзірге вокзал ғимараты өртке қарсы қауіпсіздік  талаптарына жауап бере алмайды, қоларбамен жүретіндерге мүлдем жағдай жоқ.  Қайта құру барысында осы кемшіліктер жойылып, петропавл темір жол станциясы әлемдік стандарттарға толығымен жауап беретін болады. Оған қоса өңір басшысы еркін экономикалық аймақтың құрылуы жайында айтып берді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жақында Петропавлда еркін экономикалық аймақ ашылды.Бұл шекаралас өңір үшін аса жауапты шешім. Бір ерекшелігі, бір аймақты бір жерде емес, 4 бірдей жерде ашамыз. Өйткені Таяу шығысқа қарай жөнелтілетін жүктің 70 пайызы біздің қала арқылы  өтеді. 

Жиында жүк тасымалын жетілдіру шаралары да айтылды. Өңір басшысы ПЗТМ зауытында термовагондарды жасау қолға алынғандығын айтып, Ресей бизнесі 20 на  тапсырыс бергенін атап өтті. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:54, 23 қазан 2019
ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар