ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ

20:31, 22 мамыр 2020

Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Тасқыннан зардап шеккен ауылдарда қазір үйлердің  құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оларды өз көзімен көрген Асқар Мамин Түркістан қаласы инфрақұрылымының қалай дамып жатқанын да тексерді. Толығырақ тілші айтсын.

Түркістан облысына ат басын бұрған премьер-министр алдымен Мақтаарал ауданына барды. Мұнда Мамин тасқыннан зардап шеккен халықпен кездесіп, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Әрі Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінде 500 отбасыға арналған жаңа шағын аудан құрылысының қалай жүріп жатқанын көрді. Айта кетерлігі жұртты жұмыспен қамту үшін құрылысқа жергілікті халық тартылған. 

ЖАРҚЫНБЕК ҚАНАЕВ, ӨРГЕБАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Оған біз мемлекеттен ақша сұрадық. Өзіміз соғамыз, өзіміз саламыз деп. Соған мемлекет бізге қолдау көрсетті. Бұл жерде басты мәселе біз – үй мәселесін және жұмыс мәселесін шештік. Мың адам қазір жұмыс жасап жатыр. Оның бәрі мектепте жатқан жоқ.

Премьер Түркістан қаласының қалай дамып жатқанын да көрді. Туристік әлеуеті жоғары шаһарда жол мен әкімшілік, әлеуметтік-мәдени ғимараттар салынып жатыр.

СӘБИТ ҚАЛЫБЕКОВ, ҚҰРЫЛЫС ФИРМАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

-Құрылыс жұмыстарын бастағанымызға 10 күндей болды. Материал толығымен жетеді. Келіп жатыр. Қол астымызда 50 шақты адам істейді. Оның ішінде 20 адам жергілікті адам.

Аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға да ерекше ден қойылған. Сол үшін жаңбырлатып суару технологиясы  енгізіліп, егістік алқаптарын арттыру үшін құрғақ жерлер ылғалдандырылып жатыр. Осы жұмыстармен танысқан премьер шаруалармен де кездесті. Өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамытуға арналған жоспарларымен танысты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...