ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

20:31, 11 шілде 2019

Премьер-министр Асқар Мамин Шымкент қаласына барып, ірі жүйе құраушы бірқатар кәсіпорынды аралады. Алдымен шаһардағы әуежайдың жаңа терминалының жобасымен танысты. Келесі жылы іске қосылатын терминал жолаушылар ағымын 10 есе арттырмақ. Ал, дәрі-дәрмектің 71 түрін өндіретін «Химфарм» зауытта, қазіргі күні фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша $108 млн соманың ірі инвестициялық жобасы іске асырылуда. Бұдан соң, Премьер-министр «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағындағы «Shymkent Temir»  экспортқа бағытталған кәсіпорынға барды. Дәл осы жерде Асқар Маминге Түркістан облысындағы жылына 1 млн тонна темір өндіретін тау-кен-металлургия кешенінің жобасы таныстырылды. Тамақ өнімдерінің өндірісі де Шымкентте қарқынды дамуда. «Рахат-Шымкент» ЖШС 2020 жылдан бастап мармалед пен қатты печенье шығаратын жаңа желіні іске қоспақ. Жұмыс соңында Үкімет басшысы қала әкіміне Шымкентті дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспарын тыңғылықты орындау үшін нақты тапсырмалар берді.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
13:07, 20 қыркүйек 2019
ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...