ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ

20:30, 8 шілде 2020

Алдымен ресми ақпарат. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының жаңадан тағайындалған Төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне Ақордада отырып, онлайн форматта қатысты. Президенттің пікірінше, пандемия мен мұнай бағасы құлдыраған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын ілгерлетіп, инвестиция тартуда «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқаратын рөлі зор. Астана халықаралық қаржы орталығы сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Бұл ретте Қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің атқаратын қызметі ерекше. Президент Лорд Вульфке Қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Манстың Сот Төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
20:30, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...