ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ АСТЫҚТЫ АЙМАҚҚА БАРДЫ

18:02, 17 қыркүйек 2019

Атбасардан соң мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірден Аққайың ауданындағы егін алқаптарын аралап, өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жұмыстарымен танысты. Президент жыл сайын төрт миллион тоннадан астам астық жинайтын аймақтың бұл саладағы маңызы зор екенін атап өтті. Диқандармен кездесу облыс орталығында ірі жиынмен жалғасты. Ауыл-аймақты және агро-өнеркәсіп кешенін дамытуға арналған республикалық жиынға мемлекет басшысымен қоса үкімет мүшелері, жергілікті билік өкілдері мен шаруалар қатысып жатыр. Президент өз сөзінде ауыл шаруашылық саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Субсидияларды бөлу де доғарылмайды. Тек олардың шынымен көмекке мұқтаж кәсіпорындарға берілуін қадағалауды тапсырды. Бұл жиында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің агроөнекәсібін дамытуға бағытталған нақты шараларды белгілеп, тапсырма береді, деп күтілуде. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ  ТАРТЫЛАДЫ
20:35, 19 қараша 2019
ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
20:33, 19 қараша 2019
ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар