ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ БЕКЕТІНЕ БАРДЫ

20:31, 19 наурыз 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мен карантин кезінде күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген медицина және күштік органдардың қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Президент сын сағаттағы елорданың әзірлігін өзі бақылап отыр. Қазіргі ахуалмен танысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына кіреберістегі Жібек жолы ауылындағы бекетке барды.

- Жалпы бекеттерде қанша адам? Мына бекетте 49 адам. Ал периметр бойыншша? 420 адам.

Жібек жолы бекеті – көлік ең көп қатынайтын жер. Сондықтан бұл жердегі дайындық мығым. Бұл бекеттен елордаға түнгі 00:00-ден бері 15:00-ге дейін 3600 автомобиль, 6800 адам кірген екен. Солардың барлығын полициейлер, әскерилер, медицина және санитария қызметкерлері жіті тексеріп жатыр.

- Қарасам, қазір жолда автокөлік аз екен. Жақсы, жұрт карантинді түсінген сияқты. - Қазіргі уақытта азық-түлікті қамтамасыз ету керек. Басым көпшілігі келген азаматтардың олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Транзиттік те бар. тарнзимттіктер қалаға кірмей, айналма жолмен кетуде. Сонымен бірге қала аймағында тұратын елдімекендер олар қалада жұмыс істейтіндер олар кіріп-шығып жатыр. сонымен бірге көршілес өңірлерден базарларға келіп азық-түлік алушылар бар. Олармен арнайы жұмыстанып жатырмыз.

- Азық-түлік мәселесі қалай болып жатыр? Жеткілікті ме?  Сіздің тапсырмаңыз бойынша қазіргі уақытта азық-түлікпен қамтамасыз етуді біз күшейтіп жатырмыз. 47 мың тонна астық бар. Айлық норма 18 мың тонна. Сонымен бірге СПК арқылы қосымша қаражат бөлдік. Ең маңызды азық-түлікке қазір бағаны тұрақтандыру үшін.

Бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов ас атасы нан да молынан дейді. Алты мың тонна ұн бар. Елорда тұрғындары картоп, сәбіз, пияз сынды көкөніспен қамтамасыз етілген. Бекетке келген Біртанов та президентке есеп берді.

- Бүгін қосымша науқас анықталды. Сонымен 25 науқас болды. барлық науқастар изоляцияда, карантинге жатқызылды. Контакті анықталып жатыр. алогритм бойынша жұмыс жасалуда. Қазір бүкіл пунктарда екі санитарлық дәрігер болады, ауысады смена бойынша. Олардың міндеті барлық кіріп жатқан азаматтардың температурасын өлшеп, қолдарына баяндама беріп жатыр.

Еліміздің бас дәрігері науқастардың 80 процентінің жағдайы жеңіл, 15 проценті орташа дейгейде екенін жеткізді. Яғни, арнайы бір емдеудің қажеті жоқ. Қалада 3000 науқасқа орын әзірленіп қойған. Алда-жалда індет жайылып кетсе, науқастармен қарым-қатынаста болғандар үшін 13000 орын қарастырылған. Дәрі бар. ДДСҰ-ң ескертулері  де ескерілген.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Дәрігерлер, медбикелер қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Өте ауыр, түсінеміз. Оларға алғыс айтқым келеді. Жалақы, сыйақы беруді қосымша бәрін уақытында төлеу керек.

- Өткен айға 200 процент премия бердік. Әрі қарай да беріп тұрамыз.

Аулақ қылсын, дегенмен, мемлекет басшысы кез келген жағдайдайға дайын болуды тапсырды. Дертпен бірге келген дағдарыс та назарда болуы тиіс. Ол үшін президент мобильді экономиканы қосуды жүктеді. Ал қозғалысы шектелген қос қала тұрғындарын бұл жағдайға түсіне қарап, төзе білуге шақырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛМАҒАН
20:34, 23 қыркүйек 2020
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛМАҒАН
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:32, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
«АСТАНА EXPO-2017» ЖЭС 2-КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
20:31, 23 қыркүйек 2020
«АСТАНА EXPO-2017» ЖЭС 2-КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...