Бұдан соң, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы ірі бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен ет өңдейтін зауытқа барды. Мұнда ел аумағына тарайтын сиырдың және жылқының етінен жасалған ең дәмді шұжықтар, консервіленген жартылай дайын өнімдер өндіріледі. 6 адаммен басталған шағын кәсіпкерлік бүгін өңірдегі ең ірі ет өңдеу зауытына айналды. Жүзден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Ал, бұл – қаптың түр-түрін шығаратын фабрика. Мұнда 1 мыңға жуық адам қызмет етеді. Жұмыс ауыр емес. Заманауи құрал-жабдық бар, тың технология енгізілген. Жұмысшыларының әлеуметтік мәселесі де басшылық назарында. Бас-басына баспана бермесе де, алдағы уақытта жұртты жатақханамен қамтамуға ниетті. Сондай-ақ, жас маман кәсіби кадрға айналады бұл жерде.
БЕКЗАТ САПАРОВ, МАШИНИСТ-ЭКСТРУДЕР:
- 1 жарым 2 айдай Сізді үйретеді пока үйренгенше. Дайын деген кезде экзамен тапсырасың. Экзаменді жақсы өтсең, жұмысқа алады. Өтпесең әрі қарай ученик болып жүресің дұрыстап үйренесің.
Уақытты тиімді пайдалану – табысқа жетудің кепілі. Бұл – 7-ші баласына айы-күні жетіп отырған көп балалы кәсіпкер ана – Ғалияның ұстанымы. Қазір ол – шаһардағы ірі сән үйінің иесі. Кәсіптің қыр-сырын тереңінен түсінген ана, енді өзгелердің бизнес бастауына жәрдемдесуде. Себебі, жақсылықтың бағасы, мемлекеттің қолдауы өлшеусіз екенін жақсы біледі. Қазір мұнда 25 адам еңбек етеді.