ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ

20:31, 29 маусым 2020

Президент бүгін бірнеше әкімге сөгіс берді. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Сондай шенеуніктер Президенттің сынына ілікті.   

Бір жағынан вирус өршіп, екінші жағынан үрей үдегенде биліктің жедел әрекеті керек-ақ. Бірақ, кей әкімдер осы тұста шаруаны ширатудың орнына шатқаяқтатып алды. Төтенше жағдай бітісімен қауіпті елемей, бәрі еркінсіп кетті. Шектеу аяқталғаннан бері коронавирусты жұқтыру фактісі 7 есеге бірақ өскен. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Межведомственная комиссия не справилась с поставленной перед ней задачей. Это надо признать. Министерство здравоохранения, не смогло обеспечить координацию работы центральных и местных органов власти.

Зертханалық зерттеулердің тиімділігін күшейту, өңірлерді барлық медициналық қажеттіліктермен үздіксіз қамтамасыз ету, ПТР-тест қабылдайтын орталықтардың саны мен қуаттылығын арттыру керек. Президент осыны қадап айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Граждане справедливо жалуются на огромные очереди около лабораторий, несоблюдение в очередях санитарных норм. Все это несет прямые риски заражения. Поэтому проводить ПЦР-тест следует строго по онлайн-записи или через Call-центр в целях предупреждения заражения и обеспечения централизованного распределения и учета. Крайне важно развернуть мобильные лаборатории для работы в очагах инфекции, особенно в сельской местности, и выделить средства на дальнейшее развитие мобильных служб, - сказал Президент.

Қазір босаңситын уақыт емес. Індет дендеп барады. Дер кезінде мән бермей, әрекеттері тиімсіз болған кәсіпорындарда вирус жайлады. Қауіпті ошақтың басында Атырау облысындағы Теңіз кеніші тұр. 1200-ден астам жұмыскер кеселді жұқтырды. Ал Алматыда тек тұрғындар емес, дәрігерлер де жаппай індетке ілігіп жатыр. Бас қалада да жағдай мәз емес. Санитарлық талаптар сақталмайды. Өңірлерде жағдай тіпті қиын. Науқастарға төсек орындары жетпейді, мамандар жоқ. Дәрі-дәрмек тапшы.Сақтық әрі сергектік елең-алаң шақта ауадай қажет. Абдырау мен бейғамдыққа жол жоқ. Таразы басында – адам тағдыры. Демек, жұмысына шала қарағандарға кешірім де жоқ, деді Тоқаев.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- За упущения в работе объявляю замечания акимам городов Нур-Султана и Алматы А. Кульгинову и Б.Сагинтаеву. Объявляю выговор акимам г. Шымкента, Актюбинской и Павлодарской областей М. Айтенову, О. Уразалину и А. Скакову, руководителю Межведомственной комиссии Е. Тугжанову. Предупреждаю акимов Атырауской, Костанайской, Западно-Казахстанской областей о необходимости выправления ситуации в соответствующих регионах. Это касается и руководителей всех областей. Ситуация усугубляется неэффективной информационной работой. Наша система диалога с населением не работает в должном объеме, информационный фон находится под давлением негативной повестки дня, героический труд медиков не виден.

Цифрландыру жүйесі де ақсап тұр. Осыған жауапты министр Асқар Жұмағалиевке де Президент шүйлікті. Ведомствааралық комиссия да жүктелген міндетті толыққанды әрі тиімді атқара алмады. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Поручаю все решения по борьбе с пандемией, устранению негативных социальных и экономических эффектов вырабатывать в рамках соответствующей Государственной комиссии под руководством Премьер-министра. Госкомиссия должна обеспечить централизованный контроль распределения критических ресурсов. С целью принятия экстренных мер по стабилизации текущей эпидемиологической ситуации поручаю Госкомиссии в двухдневный срок проработать и внести мне предложение по вопросу введения жесткого карантина по аналогии с тем, который действовал в марте-мае текущего года.

Барлық күш ұлт саулығын сақтауға жұмылдырылуы тиіс. Үкімет пен өңір әкімдеріне пРЕЗИДЕНТ ТАРАПЫНАН  түгел қаржылық әрі инфрақұрылымдық ресурстарды жиыстыру тапсырылды. Шілде айының соңына инфекциялық төсек орынлары санын 50 пайызға дейін көбейту жүктелді. Дәрі-дәрмек мәселесін түбегейлі шешуге Президент 5 күн уақыт берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Акимы, министры фактически закрылись от простого народа – не реагируют вовремя на жалобы и обращения граждан, в то время как многие люди уже впадают в отчаяние, не зная к кому обращаться. Из почти 40 тысяч вопросов, которые поступили на сайт www.coronavirus2020.kz, на данный момент даны ответы только на треть. В результате подобного отношения мы получаем новый всплеск инфодемии, поток откровенных фейков и дезинформации, которые еще сильнее осложняют нашу работу.

Халыққа шынайы әрі толыққанды ақпарат жетпей жатыр. Жетпеген соң өсек-аяңның жетегінде жүр. Тоқаев телеарналарда жұртшылыққа дұрыс мәлімет беретін тікелей эфирде телебағдарламалар ұйымдастыруды тапсырды. Ал ақ жағалылар қазына қаржысын қайта санап шығып, берекесіз жиындар шығынын тиып, тек қана эпидемиямен күреске бағыттау керек. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, цифрлық технологияны дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері де қамтылды жиында. Бұл   

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

- Да, это опасное заболевание, для лечения которого еще нет вакцины. Но при этом не стоит поддаваться панике и, тем более, допускать  противоправные действия, оскорблять врачей и нарушать санитарный режим. Больные не должны впадать в тревогу и пессимизм. Наряду с лечением, хорошее физическое и духовное состояние человека способствуют его быстрому исцелению. Прошу придерживаться рекомендаций и требований министерства здравоохранения и санитарных врачей. Все наши усилия направлены на сохранение главного богатства нашей страны - жизни и здоровья граждан Республики Казахстан, - сказал Глава государства..

Кеселмен күресте – мәселені дабыра шешпейді. Ақылға жеңдіру керек. Вирустың әзірге нақты вакцинасы – сақтық. Яғни әркім жақынына жанашыр болу арқылы ғана аурудан аман шығады,-деді Президент.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
20:30, 9 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
Толығырақ...
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
20:32, 8 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ
20:30, 8 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...