ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

20:30, 3 шілде 2020

Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде Тұңғыш Президент – Елбасыға арналған монумент ашылды. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы онлайн режимде қатысты. Қазіргі Қазақстанның негізін қалаған, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырған – Нұрсұлтан Назарбаев. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәніне тоқталды. Қазақстанның Қарулы Күштері - Тұңғыш Президенттің Жарлығымен құрылғаны есте. Елбасы елдің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет ең қиын кезеңдердің өзінде де заманауи қару-жарақ алу, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қуатын арттыру, әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету, жалақыларын уақытылы беру, жоғары зейнетақы төлеу міндеттерін оңтайлы шеше білді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы. 02.10. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әскери әлеуетімізді қалыптастыру барысында ең күрделі деген мәселелерді шешуге өзі тікелей араласты. Оның басшылығымен халқымыз бен елімізді ықтимал әскери қақтығыстардан қорғау мақсатында армиямыздың перспективалары мен міндеттері, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымдықтары мен механизмдері айқындалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...