ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

20:31, 1 қараша 2019

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Отандық өнім шығаратын зауыт қызметкерлерімен кездесті, білім беру мекемелеріндегі ахуалмен танысты және отбасын қолдау институтында болып, кәсіп бастаған аналармен әңгімелесті.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы еліміздегі бірегей жобалардың бірі. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсетіледі. ымен танысты. Денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, атаулы әлеуметтік көмек алу және баспана мәселесі бойынша кеңес беріледі. Мемлекет басшысы орталықтың жұмысын жоғары бағалады. Мұндай мекеменің тәжірбиесін барлық аймақта іске асыру керектігін айтты.

- Мен сіздердің бастамаларыңызды қолдаймын. Әрине бұл бастамасы ғана алда үлкен шаруалар күтіп тұр. Ең бастысы бірінші қадам жасалды. Мемлекеттің қолдауы, әсіресе әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. Біздің елімізде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады. «Іздеген жетер мұратқа».

- Менің есімім Әлия. Көпбалалы анамын. Қазір кәсіпкер ана жобасы бойынша оқып жатырмын. Бизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау алдым, көптеген көмек көрсетілді. Мен барлық әйелдерді осындай орталыққа келіп, бизнес негіздерін үйренуге шақырамын.

Сондай-ақ, бүгін Президент «Astana Ютария» компаниясының жұмысымен танысты. Бұл мекеме кәсіби тігін жабдықтарын құрастырумен әрі жеткізумен айналысады. Арнайы киімдер мен басқа да тұрмыстық және техникалық бұйымдар шығарады. Зауытта 460 адам жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндағы жұмысшылардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ , жұмыс орындарын ашып, халықты еңбекке тартатын мекемелерге әрқашан көмек беретінін атап өтті.

- «Сіздердің фабрикаларыңызды үлкен қызығушылықпен аралап шықтым. Шын мәнінде, бұл қажетті әрі озық өнім шығаратын және жақсы жабдықталған әлеуметтік-жауапты кәсіпорын. Ең бастысы, мұнда сіздер сияқты ісмер адамдар жұмыс істейді.   

Елорданың халық саны жыл санап көбейіп келеді, сәйкесінше білім беру нысандарына деген қажеттілік артуда. Бүгін Президент №23 мектепке арнайы келіп, ахуалымен танысты. Ұстаздардың пікірін тыңдады. Мектептің түйткілді мәселелерімен таныс екенін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін айтты. Өз кезегінде қала әкімі Президентке елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Биыл 5 мың орындық 6 жаңа мектеп, ал 2020 жылы 10 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі. Ққазіргі уақытта қалада үш ауысымды 8 мектеп барын, осы мәселені шешу үшін жыл сайын 12 мектеп салу. Кешенді жоспар бойынша 50 мектеп саламыз 5 жылдың ішінде. Бұл сіздің тапсырмаңыз біз Үкіметпен бірге жоспарға бекіттік.

Сонымен қатар қала әкімі  Президенттің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 жаңа спорт нысанының құрылысы басталғанын жеткізді. Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасы мерзімді әрі сапалы орындаларына сенім білдірді. 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
20:30, 9 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ
Толығырақ...
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
20:32, 8 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ
20:30, 8 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...