ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАДЫ

20:01, 4 шілде 2019

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірқатар шетелдік инвесторлармен кездесті. «Тоталь барлау және өндіру» компаниясының президенті Арно Брейякпен кездесуінде президент аталған компаниямен тығыз әріптестік орнатқанын айтты. Компания басшысы  Қашаған кен орнын игеру консорциумы аясындағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдіріп, жобаның әлеуетін арттыруға үлес қосуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ  Президент «Марубени» сауда компаниясының вице-төрағасы Шигеру Ямазоэні де қабылдады. Қазақстан нарығында 30 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан сауда компания екі ел арасындағы алыс-берісті дамытуға көп үлес қосты. Компания өкілі Қазақстан мен Жапония арасындағы әріптестіктің  негізін салған Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтті. Ақордадағы қабылдаулардың ішінде «Anadolu Group» компаниясының президенті Тунджай Озильхан да болды. Мемлекет басшысы компанияның ел экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады. Тараптар «қарапайым заттар» экономикасын дамыту мен  отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыру және елдегі инвестициялық климатын жақсарту мәселелеріне қатысты пікір алмасты.-*-- Мемлекет басшысы сондай-ақ Baker Hughes, a GE company президенті – бас атқарушы директоры Лоренцо Симонеллиді де қабылдады. Президент Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаны үшін Симонелли мырзаға ризашылығын білдірді. Компания басшысы  өз жұмысында жаңа салалар ашып жатқанын айтып, әріптестік болашағын талқылады. ---- Ал «Polymetal» кәсіпорнының президенті Игорь Финогеновпен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев компанияны «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімен құттықтады. Полиметал биржаға кірген алғашқы шетелідк компания. Игорь Финогенов  қазақстан нарығында жұмыс істеуге елде барлық  инвестицилық мүмкіндік жасалғанын атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:34, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...