ШҰҒЫЛ! БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАУЫ

20:30, 15 мамыр 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-Министрін қабылдады. Мемлекет басшысы Мамука Бахтадзені Грузияның тәуелсіздігі күнімен құттықтап, достас грузин халқына жақсылық пен бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын атап өтіп, дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан бастап, оны дамытуға өзі тікелей атсалысқанын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузия экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Бүгінге дейінгі салынған инвестицияның жалпы көлемі 450 миллион доллардан асқан. Кездесу барысында сауда-экономикалық, гуманитарлық, туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар көлік-транзиттік, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау және Құрық порттары арқылы қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

– Біз Грузияны достас мемлекет деп санаймыз. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Біздің делегацияларымыз халықаралық ұйымдарда өзара белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазақстанда 60 мыңға жуық грузин диаспорасы бар. Олар еліміздің тыныс-тіршілігіне өте белсенді әрі конструктивті түрде атсалысады. Сіздің бұл сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына тың серпін береді деп санаймын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...