ШҰҒЫЛ! ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАУЫ

20:33, 9 қазан 2019

Ал, мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, сондай ақ, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Президент Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретінін атап өтті. Ал ресейлік дипломат Қазақстан-Ресей арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты. Сонымен қатар ол екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздерінің қорытындысы туралы да мәлімдеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біздің елдеріміздің арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей сияқты әріптестер үшін солай болуы да заңдылық. Біз одақтастығымызды бекітіп және дамытуға ниетті стратегиялық әріптестерміз.

СЕРГЕЙ ЛАВРОВ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Біздің пайымдауымызша, байланыстарымыздың дамуы жақсы. Қарым-қатынастарымыздың дамуына жоғары деңгейде берілген серпін, біз үшін барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарымызға бағдар болуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙСКИЕ СКО УСИЛИЛИ РАБОТУ НА ДОРОГАХ ИЗ-ЗА НЕПОГОДЫ
18:25, 23 қаңтар 2020
ПОЛИЦЕЙСКИЕ СКО УСИЛИЛИ РАБОТУ НА ДОРОГАХ ИЗ-ЗА НЕПОГОДЫ
Толығырақ...
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...